Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округінің аналар кеңесі төрайымы Гауһария Төкестаеваның ұйымдастыруымен "Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт" республикалық жобасының "Бақытты ана-бақытты отбасы" бөлімі аясында аудандағы Ганюшкин мектеп жатақханасында 40 жыл бойы үзбестен есепші лауазымында еңбек еткен Блғалиева Сәбила Брәліқызының 90 жасқа толуына орай "Жарқын жүздесу" форматында Аналармен, жастармен "Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады" тақырыбында кездесу өткізді.
Шараға округ әкімі, мәдени - ағарту қызметкерлері, Аналар, Әжелер кеңестері мүшелері, ауыл тұрғындары, жастар, мерейгермен бірге жұмыс жасаған әріптестері, туысқандары, баллары қатысты. Жарқын жүздесуді кітапхана маманы Садихова Ақмоншақ Төреханқызы жүргізді. Шара қонақтары Сәбила ананың еңбек жолы, отбасылық өмірі туралы естеліктерімен бөліссе, округ әкімі Муса Абдуррахман Рақметұлы құттықтап "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапаттады. Аудандық Аналар, Әжелер кеңестері төрайымдары Хасенова Балғаным Хасенқызы мен Тайпақова Балапан Зайтқызыда құттықтап, Ақ орамал жауып, Ақ жаулық кигізді. С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің әншілерінің орындауында жақсы әндер орындалды.
Бұл шара арқылы ұзақ жыл еңбек етіп ,ауданның дамуына үлесін қосқан, көпбалалы, бірнеше келін тәрбиелеген анаға құрмет көрсету арқылы, Ананың өнегелі өмірі жастарға үлгі ретінде ұсынылды.
Анаға бейнетсіз өмір тілейміз.