8000 тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелмеген

(0 Votes)

-Биыл алыстағы Азғыр, Сүйіндік ауылдарына жаңа жедел жәрдем көлігі берілді. Келесі жылы Үштағанға бөлуді жоспарлап отырмыз. 

Алдағы уақыта ауданымызда оттегі стансасы, гемодиализ орталығы іске қосылады. Қазіргі таңда оларды жүзеге асыру механизмдері қарастырылуда. Қараша айының қорытындысымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  сақтандырылмаған 8000-нан аса аудан тұрғын шығып отыр. Біз оларға әлі күнге дейін тегін медициналық көмек көрсетіп отырмыз. Енді азаматтар өз мәртебелерін анықтап, МӘМС жүйесіне тіркелуді қолға алғандары жөн, - деген аудандық орталық аурухананың директоры Гүлсара Мүтиева өз хабарламасында жағымды жаңалығымен қатар, проблемалық мәселелерімен бөлісті.

Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияда айтылды. Алғашқы болып аудандық орталық аурухананың директоры Г.Мүтиева «Аудан тұрғындарына ақылы қызмет көрсетуден түскен кірісті есептеп, пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығына талдау жүргізу» бағытында хабарлама жасады. Комиссия мүшесі, аудан прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиев ауылдық округтерде дәрі-дәрмектер қалай сатылып жатқанын, өйткені, кейбір тұрғындар мұндаймен заңсыз айналысып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанынан хабардар етті. Алдағы уақытта мұны үнемі бақылауда ұстап, лицензиясын алып, дәріханасын ашып жұмыс жасау қажеттігін ескертті. Комиссия төрағасы Қ.Нұртаев жергілікті жерлерден кәсіпкерлерді тартып, бұл жұмыс ұйымдастырылатынын айтып, бірінші кезекте шалғайдағы Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтеріне тұрғындардың сұранысына орай дәріханалардың қызметін жандандыру керектігін жеткізді.

А.Шакупова     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521