7226 құрманғазылық МӘМС жүйесіне тіркелмеген

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері» атты жиын оздырылды. 

Жиынды аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қадіржан Утешов ашып жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов баяндамасында МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі, қолжетімділігі, сапасы туралы кеңінен сөз қозғады.

– ҚР бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Қазіргі таңда елімізде 3 млннан астам азамат МӘМС жүйесіне тіркелмеген. Ал, Атырау облысы бойынша ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткішіне сүйенсек, 78870 адам мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандырылмаған. Оның ішінде 7226 адам Құрманғазы ауданынан. Оларды әлеуметтік жағдайы бойынша жіктесек: 2303 - жұмысшылар, 2078 - келісімшарт негізінде жұмыс жасаушылар, 127 - жеке кәсіпкерлер, 113 - бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер, 122 - дербес төлем төлеушілер, 7 - ешқандай санатқа енгізілмегендер, 4276 - соңғы 12 айда мүлдем жарна төлемеген жандар. Округ әкімдері, жұмыспен қамту мекемелері, кәсіпкерлік бөлімі, аудандық аурухана және басқа да мемлекеттік қызмет саласының мамандарымен бірлесіп, МӘМС жүйесі жайлы кең ауқымды түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жасаудың маңызы жоғары,-деп атап өтті Б.Закарьяұлы.

Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Анар Уасованың міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу және МӘМС жүйесіне қатысу әдістері туралы баяндамасы тыңдалды. Баяндамашылар жиынға қатысушылардың күн тәртібіндегі жайтқа қатысты қойған сұрақтарына тұщымды жауап беріп, сондай-ақ, азаматтардың жеке денсаулық мәселесіне орай қабылдау өткізді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521