700 түп тал егілді

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округінде өткен сенбілікте РТС ауылындағы қоқыс алаңы маңындағы қоршалған орынға жас шыбықтар егілді.

Аудан орталығындағы барлық мекемелер оған өз үлесін қосты. Сенбілікке «Балауса» балабақшасы бірінші келіп, өздеріне берілген жас талдарды отырғызып үлгеріпті. Басқа да мектептер, бөлімдер мен мекемелер «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», дегенді дұрыс түсініп, қызу қимылдауда. Біреулері талдарды тасып, екіншілері оларды отырғызып жатыр. Қоқыс алаңының шығыс жағындағы темір торлы шарбақпен қоршалған екі жерде де сенбілікке қатысушылар жұмыла қимылдады. Әр қоршаудың ішінде үш жолбы бар. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы, орынбасары Жандос Мнафихұлы, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Рахметұлы сауапты істен құр қалмай бірнеше талды отырғызды. Жеке кәсіпкер Серік Баязитов жас талдарды автокөлікпен суаруда. Бұл маңның жері құнарлы, қара топырақты екен. Жақсы күтім жасалса жасыл желек ертең-ақ жайқалып кетері анық. Жалпы қоқыс алаңы біраз тазаланып, жан-жағын қоршау басталыпты. Тазалықпен айналысып жүрген жеке кәсіпкер Еркеғали Таяшов та осында.

700-tal

Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Мусаны сөзге тартқанымызда:

– Биылғы жылы көгалдандыруға 6 млн. теңгедей қаржы бөлінді. Аудан орталығындағы барлық қоршалған жерлерге теректерімізді егіп болдық. Енді күзгі терек егу акциясына байланысты қоқыс алаңы маңындағы аймақтың 1 гектар жерін алып, қоршау жұмысын жүргіздік. Бүгін аудан орталығындағы барлық бөлім, мекемелермен мұнда 700 тал егіліп жатыр. Олар күтімге алынады. Келесі жылы өсіп, жайқалып кеткеннен кейін жасыл желекті бір аумақты қалыптастырады деген ойдамын. Еліміздің өсіп-өркендеуі, көркеюі ол өзімізге байланысты. Туған жеріміздің табиғаты жақсарса біз және келер ұрпақ үшін өте сауапты іс деп есептеймін, - дей келе сенбілікке қатысушылар үлкен ұйымшылдық көрсеткенін жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521