569 адам дауыс берді

(0 Votes)

№171 референдум учаскесі Құрманғазы ауылдық округінің «Мерей» балабақшасында орналасқан. Осында болғанда комиссия төрайымы Рита Өтепқалиеваны сөзге тартып, дауыс беру барысын сұрадық.

–Бізде 996 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 15 адам үйден дауыс береді. Жасы үлкен сайлаушыларымыз Ирма Ахметжанова – 1933, Ұлдай Заменова – 1936 жылы туғандар. Оларға жәшік апарылады.

Қазірге дейін 569 адам дауыс берді. Халықтың белсенділігі жоғары. Таңертең учаске ашылған бойда зейнеткерлер Людмила Максимова, Сергей Ухов, Сәрсенбай Татаев бір мезгілде келді.

Сәрсенбай ағамыз: «Мен қазір Атырау қаласына жолға шыққалы жатыр едім. Дауыс беріп кетейін деп келіп тұрмын. Бұл маңызды науқан ғой. Ел үшін бәріміздің де таңдау жасауымыз маңызды. Қалада түрлі шаруалармен жүргенде сәті түспей қалар. Соны ойлап ертелетіп жеттім», деп үлкен жауапкершілік танытып жатыр. Осында «Азаматтық альянс» қоғамдық қорынан, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясынан байқаушылар қатысуда,– дейді бізбен әңгімесінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT