42500 зейнетақы қорынан алынып жатыр ма?

(0 Votes)

Елдегі карантин режиміне орай табысынан айырылу бойынша 42 500 теңге мөлшерінде берілетін мемлекеттік жәрдемақыны «БЖЗҚ-дан алынып жатыр екен» деген де пікірлер тарап кетті.

Сәуір айының соңында «БЖЗҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Жанат Құрманов жағдайды түсіндіру мақсатында БАҚ-та сұхбат берді. Бүгін біз оқырмандардың назарын азаматтарымыздың зейнетақы жинақтарына қатысты ең маңызды мәселелергеаударғымыз келеді.

Біріншіден: зейнетақы жинақтары – салымшының меншігі, оның сақталуына мемлекет кепілдік береді. Оған салымшының еркінен тыс ешкім билік жүргізе алмайды, яғни үшінші тұлғаларға немесе мақсатқа сай келмейтін басқа да төлемдер жасай алмайды.

Екіншіден: жинақтар үздіксіз инвестицияланады, яғни олар «тұрған жоқ», салымшыға «жұмыс істеуде». ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялайды. Үшіншіден: барлық зейнетақы жинақтарының басым бөлігі әрбір салымшының шотына күнделікті есептелетін инвестициялық табыстан тұрады және кез келген салымшы БЖЗҚ ұялы қосымшасы немесе БЖЗҚ сайтындағы өзінің жеке кабинеті арқылы өз жинақтарын «24/7» режимінде бақылай алады. Енді осының бәріне толығырақ тоқталып өтсек.

Салымшылардың зейнетақы активтері жан-жақты бақылауда және олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Бұл біздің азаматтарымыздың қарттыққа жинаған ақшасы. Оны тек заңмен белгіленген шарттарда ғана алуға болады. Барлық мемлекеттік жәрдемақылар мемлекет бюджетінен немесе Үкіметтің бюджеттен тыс қорларынан төленеді, ал БЖЗҚ-дағы қаражатқа олардың қатысы жоқ. Бұл салымшылардың жеке ақшасы.

«БЖЗҚ» акционерлік қоғамының өзі зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жинау, өңдеу, есепке алу және есептеу, халыққа зейнетақы қызметтерін көрсету жөніндегі уәкілетті оператор болып табылады. Ал зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады. Зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына зейнетақы жинақтарының инфляциядан сақталуын және табыс мөлшерінің инфляциядан жоғары болуын қамтамасыз ету мақсатында инвестицияланады.

Әрбір салымшының БЖЗҚ-да жеке зейнетақышоты (ЖЗШ) бар, оған барлық келіп түсетін зейнетақы жарналары, сондай-ақ заңнамада белгіленген комиссиялық сыйақы шегерілгенде алынған инвестициялық табысы есепке алынады. Комиссиялық сыйақы 2020 жылы алынған инвестициялық табыстың 2,0 пайызын және зейнетақы активтерінің айына 0,011 пайызын құрайды. Бұл заңда белгіленген нормалардан тиісінше 3,7 есе және 2,3 есе төмен. Инвестициялық табысты есептеу қалай жүргізіледі?

Алдымен БЖЗҚ әр күнге есептейтін зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің (ШБ) ағымдағы құнына байланысты болатындығынан бастайық. Әр салымшының жеке зейнетақы жинақтары теңгемен және ШБ санымен есептеледі. ШБ құны БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы басты бетте күн сайын жаңартылып отырады 2020 жылдың басынан бастап 01 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 536 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен (154,9 млрд. теңге) салыстырғанда 381,1 млрд теңгеге артық.

Бұл инвестициялық кірістің белгіленбеген шама екендігінің дәлелі, ол қаржы құралдарының құнына және жалпы қаржы нарығындағы жағдайға тәуелді.

Бүгінгі күннің сандық көрсеткіштерімен, айлар мен жылдар бойынша жеке-жеке, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі ақпаратпен, сондай-ақ қаржы құралдары бөлінісіндегі инвестициялық портфельдің құрылымы туралы деректермен Сіз ай сайын Қордың сайтындағы «Көрсеткіштер»- «Инвестициялық қызмет» бөлімінде төмендегі шағын бөлімдерден таныса аласыз:

- «Инвестициялық қызметке шолу» https://www.enpf.kz /ru/indicators/ invest/review.php

- «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі құрылымы» https://www.enpf.kz /ru/indicators/invest/structure.php

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521