«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 73 адамға жалпы 42,6 млн.теңгенің мемлекеттік гранттар берілді.
Бизнесті қолдау бағытында қаржы институттары тарапынан кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген пайыздық мөлшерімен 42 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы құны 265,5 млн. теңгенің несиелері берілді.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру бойынша 38,7 млн.теңгенің 11 жобасы мақұлданса, несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау бойынша 68,0 млн.теңгенің 11 жобасы мақұлданды, мемлекеттік грант алуға 17 кәсіпкер өз жобаларын ұсынып, 9 кәсіпкердің бизнес жобалары мақұлданып, жалпы құны 25,5 млн. теңгенің грантын ұтып алды.