4000-нан аса құрманғазылық вакцина алды

(0 Votes)

Дүниежүзін жайлаған COVID-19, Коронавирус инфекциясы толқын толқынмен қайталанып, адамзат баласының өміріне зор қауіп төндіріп, жер шарында қазіргі уақытта 200 млнға жуық адамды ажал тырнағына іліктіріп отыр.

Бұл пандемияның саябырсып, қашан аяқталатыны белгісіз. COVID-19 коронавирус инфекциясы тарағаннан бастап әлем ғалымдары инфекциямен күресте тиімді вакцина шығару ушін нәтижелі жұмыс жасап, қысқа мерзімде бірнеше мемлекет өз вакциналарын шығарып, өндіріске енгізді.Қазақстанда Ресейлік «Спутник V», «Хаят Вак», «Корона Вак» және «Kaz Vac» вакциналары коронавирус инфекциясына қарсы қолданылуда.

Дүниежүзі ғалымдарының тұжырымы бойынша адамдар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясына 60% ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда, бұл инфекцияның таралуы тежеліп, адамдар өміріне қауіп төңдіру күшін жояды.

Қазіргі қолданыстағы вакциналарды егу екі кезеңмен тұрады, яғни ағзаны инфекциядан қорғау үшін 2 доза қолданылады.1-ші доза бұлшық етке салынғаннан кейін, 21 күннен кейін 2-ші доза салынып, ағзадағы иммун системасы инфекцияға қарсы иммундық клеткаларды күреске жұмылдырады. Вакцинаны толық алған адам коронавирус инфекциясының ауыр, қатаң түрінен, өмірге аса қауіпті асқынуларынан қорғалады. Вакцина алған адамдар коронавирус инфекциясымен ауырған кезде жеңіл түрде, кейде симптомсыз, яғни аурудың клиникалық белгілерісіз басынан өткереді. Вакцинаны қолдануға болмайтын жағдайларды ескере отырып, дәрігер екпе алушыны толық зерттеп, тексеріп , екпе алушының еркімен егілуге рухсат береді. Ауданымызда коронавирус инфекциясының вакцинация науқаны 2 ақпаннан басталып, күні бүгінге дейін жалғасуда. Алдыңғы кезекте екпені медицина қызметкерлері, ішкі істер бөлімі қызметкерлері алып, 100% қамтылды.1145 білім беру мекемелерінің қызметкері, аудан тұрғындарынан -2329 адам егілді. Ауданда 4180 адам 1-ші кезең, 2575 адам 2-ші кезең Спутник V вакцинасымен егілді. Вакцина алғандар арасында вакцинаның жағымсыз әресі болып, шұғыл дәрігерлік көмекке жүгінгендері тіркелген жоқ.Коронавирус инфекциясы пайда болғалы да вирус бірнеше қайтара мутацияға ұшырап, өзгеріп, түрленіп адамдар арасында тез тарап, өлім көрсеткіші күрт артып отыр. Сондықтан адамдар инфекцияны тоқтатудың бірден бір жалғыз жолы вакцина алып, елімізде ұжымдық иммуннитетті 60% дан жоғары қалыптастыру болып табылатынын сезініп түсінулеріміз керек. Аудандық аурхана бас дәрігері, аудандық маслихат депутаты ретінде сіздердің коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуларыңызды өтініп сұраймын. Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздейік.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, амандықта көрісуді жазғай.

Гүлсара Мутиева,

Аудандық орталық аурухананың директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521