40 отбасына тегін азық-түлік таратты

(0 Votes)

Еңбекші ауылдық округінің Жұмекен ауылында ауданымызда мұнай өндірумен айналысатын «Төбеарал Ойл» ЖШС аз қамтылған 40 отбасына тегін азық-түлік таратты.

Қамқорлықты қажет ететін тұрғындар алдында округ әкімі Руслан Әмірханов сөйлеп, көмек қолын созып, үнемі демеушілік жасап отыратын серіктестік директоры, Қазақстанның Құрметті мұнайшысы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Нұрлыбек Хамитовке ризашылығын білдірді.

img_1534

Келесі кезекте «Төбеарал Ойл» ЖШС-нің өкілі Қанат Айтжановқа сөз беріліп: – Өздеріңізге мәлім мына індет дүние жүзін қамтып, көптеген адамдар өмірден өтіп жатыр. Елімізге де үлкен қиыншылықтар тудыруда. Осыған байланысты біздің жерлесіміз, «Төбеарал Ойл» ЖШС-нің директоры Нұрлыбек Майпокұлы өзінің атынан осы ауылдың аз қамтылған адамдарына демеушілік жасап отыр. Ол қазір 40 отбасына таратылып беріледі. Нұрлыбек Майпокұлы жаңа телефон соғып өзіне алғысын айтып жатқан халыққа ризашылығын білдірді. Біз бұған дейінгі қиындықтарды жеңдік, мұны да еңсереміз. Облыста 80 адам ауру жұқтырды деп жазылып жатырса да, күні бүгін ауданымыз індеттен таза. Серіктестік атынан бәріңіздің отбастарыңызға бақ пен береке тілеймін. Еңбекші ауылында қайырымдылық жасап жатқан барша азаматтарға осы жердің тұрғыны ретінде ризашылығым шексіз, - деп мұндай көмектер бір отбасына бір рет берілетінін жеткізді.

i

Округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Ғаділхан Қалиев: – Нұрлыбек Майпокұлы бұған дейін де талай шараларға көмектесіп жүрген азамат. Міне, бүгін де қырық отбасына қол ұшын созды. Сол себепті округтің ардагерлері, азаматтары атынан серіктестік басшысына көп-көп рахмет айтамыз. Жаңа округ әкімі айтып кетті, ауылымыздағы кәсіпкерлер, мекемелер, жеке азаматтар да аз қамтылған отбасыларына тегін азық-түлік үлестірді. Мұның бәрі халықтың ауызбіршілігін, қиындықтарды ынтамақтасып жеңейік деген ықыласының көрінісі. Сөз соңында айтарым індеттен әлі құтыла қойған жоқпыз. Сондықтан сақтық шараларын сақтайық, үйден шықпайық. Солай етсек бұл аурудан құтыламыз. Таралып кетсе күш бермейтінін есте ұстайық, - деді.

i

Аз қамтылған отбасыларының атынан ауыл тұрғыны Маржангүл Нұғыманова сөйлеп: – Осындай көмек ұйымдастырып жатқаны үшін округ әкімдігіне, «Төбеарал Ойл» ЖШС директоры Нұрлыбек Хамитовке, ол кісінің өкілі, ауылдасымыз Қанат Айтжанұлына аз қамтылған отбасылары атынан ризашылығымды жеткізгім келеді. Төтенше жағдайда да бізді үнемі қамқорлықтан тыс қалдырмайсыздар. Еліміз аман болып, бұл қиындықтардан тезірек шығуымызға тілектеспіз, - деген ақ тілегін арнады.

i

Клуб алдындағы алаңға адамдар шектеулі мөлшермен кіргізіліп, аз қамтылған отбасыларының барлығына да тізім бойынша астық, құмшекер, күнбағыс майы, вермишель және басқа азық-түліктер берілді. Олар риза көңілмен тарады. Округ әкімі Руслан Әмірхановтың айтуынша мұндай көмек көрсетілгендер саны 92 отбасын құрайды. Бұған дейін округ әкімшілігі -7, ауылдық клуб-2, жеке кәсіпкер Серікбай Баймұратов-10 отбасына осындай көмек жасаған. Сонымен қатар аудан әкімі 25 отбасына тегін балық таратқызған. Сауапты істен құр қалмағанды қалаған ауыл тұрғыны Серікбол Ескендіров бір, намаз оқитын жамағаттар құрған «Жұмекен» қайырымдылық қоры 5 адамға тегін азық-түлік әперген. Енді мектеп, қыр өңіріндегі мекемелер, ауылдағы су тазарту қондырғысы қызметкерлері осындай сауапты істі қолға алғалы жатыр.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521