35 құрманғазылық "Ауыл аманаты " жобасына қатысты

(0 Votes)
фото: автордан

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауыл халқының табысын арттыру мақсатында, Үкімет пен Аманат партиясының бірлескен «Ауыл Аманаты» жобасы республиканың барлық аймағында жүзеге асырылды.

Жобаның негізгі мақсаты ауылдық жердегі халықтың кірісін арттырып, кәсіппен айналысуына мүмкіндік жасау. «Ауыл Аманаты»-ның ерекшелігі 2,5 пайыздық мөлшерде жеңілдетілген несие беру болып табылады. Оған қойылатын талаптарда ондай айтқан қиындықтар тудырмайды. Қатысуға ниет еткен адамның заңды тіркелген жеке кәсіпкерлігі немесе шаруа қожалығы болуы тиіс немесе жаңадан ашып, заңдастырады. Сондай-ақ алатын қаржысының көлеміне қарай жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, тәуелсіз бағалаушыларға сүйеніп, есебін тапсырады. Несиенің шекті мөлшері 2500 айлық есептік көрсеткіш. Яғни, 2023 жылдың АЕК мен 8625000 теңгені құрайды. Сонымен қатар жеке басына қатысты құжаттар мен кірістері бойынша анықтамаларды тапсырады.

Осы бағдарламаның өңрімізде жүзеге асырылуына кеңірек тоқталсақ, облыс бойынша жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаның әкімгері болып Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсе, үйлестірушісі Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Атырау кәсіпкерлер палатасының жанын құрылған «Атамекен-Атырау бизнес қолдау» шағын қаржылық ұйымы белгіленді.

Қазіргі таңда Құрманғазы ауданы бойынша аталған бағдарламаға 35 адам қатысып, 270 млн. теңге көлемінде қаржылай несие алып, облыс бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Оның көпшілігі мал шаруашылығын дамыту бағытын таңдағандар. Бұл жоба келесі жылы да жалғасын табатын болады.

Н.Дарелов,

"Атамекен " ұлттық кәсіпкерлер палатасы Құрманғазы аудандық филиалының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521