30 игі іс

(0 Votes)

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтіп жатқан шаралар ауданымызда  да жалғасын тапты.

Соның бірі С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған "30 игі іс" атты қайырымдылық марафоны. Ондағы мақсат - облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен басталған егемендіктің үш 10 жылдығы аясында өткізіліп жатқан мерекенің игіліктерін әрбір отандасымыз күнделікті тіршілігінде сезіну. Кез-келген жанның қайырымдылық іске араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі - сол адамның қаншалықты дәрежеде адамгершілігі мол екендігін танытады. Әрбір берекелі істе Аллахтың тарапынан мол сауабы тұратын қасиетті Рамазан айында өңіріміздегі 161 көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж азаматтарға 15 000 теңгелік сертификат табысталды.

30-igi-is1

Аудан өнерпаздары  кіші концерттік бағдарламамен 30-40-қа жуық азаматтарымызға жақсы көңіл күй сыйлап, қаладағы супермаркеттердің бірінен өзіне қажетті азық-түлік себетін алуға ақшалай сертификат таратты. Шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев қатысып, өмірдің түрлі қиындығына мойымай, қайсарлық танытып жүрген сіздер қандай да құрметке лайықсыздар. Өйткені, айтып келмейтін тағдырдың қасиетіне мойынсұнбай,өжеттіктің арқасында қоғамның белсенді мүшесі болып келесіздер!» - деп, қамкөңіл жандарға жылы лебізін білдірді.

30-igi-is2

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521