24 СӘУІР – РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ

(0 Votes)

Бас мүфти Наурызбайқажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте қасиетті Рамазан айының басталатын күнін мәлімдеді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінің ғылыми мәліметіне сүйеніп, сондай-ақ көрші Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесіп, Рамазан айының басталатын күнін белгіледі. Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін рамазан айы биыл елімізде 24 сәуір күні басталады деген шешім қабылданды» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбайқажы Тағанұлы.

Muftyat.kz

Қасиетті Рамазан айындағы Ораза ұстау мен намаз оқу уақытының кестесі

Құрманғазы ауданы тұрғындары үшін 2020 жыл (1441 һижри)

9

 

Ескерту: Биылғы, яғни 2020 жылы ислами ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 30 күн

Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түні «Қадыр түні»

Сәресін ішу таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен т.б жеміспен ашуға болады.

Пітір – садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейін беруге болады. Мөлшері 370 теңге. Оразаға ниет «Алла Тағаланың разылығы үшін қасиетті рамазан айының бір күндік оразаның таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім»

Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сен үшін ораза ұстадым. Саған иман келтірдім. Саған тәуекел еттім, сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа кешірімді Алла! Менің алдынғы және соңғы күнә кемшіліктерімді кешіре көр!»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521