2023 жылғы ІV тоқсан бойынша аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

(0 Votes)

 

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалу мерзімі

Күні бүгінгі орындалысы

Еңбекші ауылдық округі

1

Мектеп алдына түнгі (LED) жарық шамдар қондыру.

2024 жыл

Түнгі жарық шамдары орнатылды

2

Қатты қоқыс қалдықтарын төгетін «Қосарал» учаскесін қоршау.

2024 жыл

Қажетті қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатыпалу порталы арқылы конкурс жариялау жұмыстары жүргізуде.

Орлы ауылдық округі

1

Теңіз округіне қарасты «Бажен» өзенінің бойын Тазаралға дейін су қорғау аймағын қоршап алған шаруа қожалықтарына шара қолдану.

2024 жыл

Ауылдық округ әкімдеріне шаруа қожалықтарына ескерту беру жөнінде тапсырма берілді.

Нұржау ауылдық округі

1

«Сазды» учаскесін Қазақстан Республикасының киелі орындарының санатына енгізу мүмкіндігін қарастыру

2024 жыл

Киелі орындар санатына енгізу үшін Атырау облыстық тарихи инспекцияға сұраныс жолданып, оң шешімі алынды. Қазіргі уақытта құжаттарын жасақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Теңіз ауылдық округі

1

Шайхы  ауылына баратын көпірді жөндеу

2024 жыл

Шайхы ауылына қатынайтын көпірді ағымдағы жөндеу үшін қаржы бөлу сұратылуда.

2

Ауылға пошта бөлімшесін ашу

2024 жыл

«Казпошта»АҚ Құрманғазы аудандық филиалына ұсыныс хат жолданды

Асан ауылдық округі

1

Асан ауылдық округіне жоғары жылдамдықты интернет орнату

2024 жыл

Асан ауылындағы 70 метрлік мұнараның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «KCELL» АҚ мен келісім шарттар жасақталды.

Дыңғызыл ауылдық округі

1

Ауылға жазғы су құбырын жүргізу

2023 -2025 жж

 

Жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға ұсыныс берілді

2

Болашақ, Сүйінов көшелеріне  инфрақұрылым (жарық, газ, су) жүргізу

2024-2025 жж

Жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға ұсыныс берілді

3

Ғ.Әліпов ауылына фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратын салу

2024-2025 жж

Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша жобалаушы мекеме «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу жобалау институты» АҚ-мен Ғ.Әліпов ауылына фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын салуға ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Сараптаманың оң қорытындысы алынып, бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда 2024 жылы құрылыс жұмыстарын бастау көзделуде.

Көптоғай ауылдық округі  

1

«Көптоғай(ҚР)-Теплинка(РФ)» жеңілдетілген өткізу пункті жұмыс кестесін күнделікті жұмыс кестесіне ауыстыру мүмкіндігін қарастыру

2024 жыл

«Көптоғай(ҚР)-Теплинка(РФ)» жеңілдетілген өткізу пунктінен күнделікті өтетін адам саны аз болуына және «Құрманғазы» халықаралық өткізу пунктіне жақын орналасуына орай өту кестесі өзгеріссіз қалдырылды.

Бөкейхан ауылдық округі

1

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды мектепке және кейін үйлеріне тегін тасымалданып отырған оқушылардың саны көбеюіне байланысты сыйымдылығы жоғары автобус бөлу

2024 жыл

Құрманғазы ауданы бойынша мектерге 2024 жылы 12 автобус алу үшін облыстық білім басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. Ағымдағы жылы автобустар сатып алып, қамту жоспарланып отыр.

2

Құрманғазы, Ы.Алтынсарин және Қ.Сатпаев көшелеріне балалар ойын алаңдарын салу

2024 жыл

2024 жылға аудан бойынша 15 елді мекенге ойын алаңдарын салу үшін ЖСҚ жасақталып, сараптаманы оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім жолданды. Қаржысы бөлінген уақытта құрылыс жұмыстары басталады.

Кудряшов ауылдық округі

1

Табиғи газ бағасы төлемінің негізсіз өсу фактілеріне талдау жасап, шара қабылдасын

үнемі

Округ аумағында табиғи газ бағасы төлемінің негізссіз өсу фактілеріне талдау жасалды.Қазіргі уақытта тұрғындар өздерінің есептегіш құралдарындағы көрсеткіш бойынша төлем жасауда. 

Құрманғазы ауылдық округі

1

Самаркин елді мекенінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу.

2024 жыл

Құрылысшы, Кадырка елді мекендеріндегі су тазарту қондырғыларындағы резервуарлардың сыйымдылығын кеңейтіп, реконструкция жасауға ұсыныс берілді.

2

Хасан Кәрімұлы көшесінің батыс бөлігіне жол және көше жарығын тарту

2024 жыл

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2024 жылы көше жарығын тарту жоспарланған.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521