2023 жылғы I тоқсан бойынша Құрманғазы ауданы әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалысы

(0 Votes)

 

А

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалу мерзімі

Күні бүгінгі орындалысы

 

Мақаш ауылдық округі

1

«Шабыт» ауылдық мәдениет үйінің жанындағы «Алға» халық театрына автобус алып берілсе.

2023 жыл

2023 жылдың ақпан айында облыстық мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына 15.02.2023 жылы 06-07-08-01/90 санды хатымен 19 млн қаржы сұратылып бюджеттік өтінім жолданды.

Еңбекші ауылдық округі

1

Ветеринар мамандарға дәрі-дәрмек сақтайтын орын қарастыру және қызметтік автокөліктің тозуына байланысты жаңадан көлікпен қамтамасыз ету.

Жыл ішінде

Дәрі дәрмек сақтау үшін жаңа ғимарат салуға нормативтік құжаттар қаралмаған. Мал дәрігерлерінің автокөліктерінің тозуына байланысты облыс көлемінде мемлекеттік сатып алу порталына салынып шешілу үстінде.

 

2

Қошалақ ауылына ауыз су мәселесін қарастыру.

Жыл ішінде

Мемлекеттік бюджеттен Қошалақ ауылына ауыз су тарту үшін «STROYCONS ALTING» ЖШС-і жобалау сметалық құжаттар жасақтауда. Жоба құны -  2356,0 мың теңге

3

Кадырка ауылындағы 60 пәтерлік тұрғын үйлердің пәтер жалдаушыларын анықтау және кәріз суын тасымалдауға жаңадан ваккум автокөлігін алу.

Жыл ішінде

Кадырка ауылындағы 60 пәтерлік тұрғын үйлердің пәтер жалдаушыларын анықтау мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерімен арнайы рейдтер ұйымдастырылып, түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Камаз ваккум автокөлігін сатып алуға 52 800 000 теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Орлы ауылдық округі

1

Алтыншы және Каспий ауылдарына көше жарығын орнату

2023 жыл ішінде

Қажетті қаржы көлемі нақтылануда, бюджеттік сұраныс беріледі.

2

Орлыдағы түнгі жарық тартылмаған 4 көшеге, көше жарығын тартуды қолға алу қажет. Соның ішінде, Қайырлы Құрманғалиев көшесінің  қалып қойған батыс жағы қамтылса.

2023 жыл ішінде

Қажетті қаржы көлемі нақтылануда, бюджеттік сұраныс беріледі.

3

Орлы ауылынан салынған қызметтік тұрғын үйдің қазіргі жағдайы өте нашар. Сапасыз салынған. Қызметтік үйге зерделеу жұмыстарынын жүргізіп, мақсатына сәйкес пайдалануды ұйымдастыру.

2023 жылдың сәуір айы

Орлы ауылынан салынған қызметтік тұрғын үйді жай жөндеу жұмыстарына 8060,0 млн теңге қаржы көзі бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, мердігер мекеме анықталуда.

Нұржау ауылдық округі

1

Нұржау ауылындағы Серікбай ата көшесіне және басқа да көшелерге көше шамдары орнатылса

2023 жыл ішінде

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті қоғамдастық бағдарламасы өткізіліп, «Атырау Жарық» АҚ-нан техникалық жағдайы және жарықтандыру үшін көшелерге аталмыш мекемеден келісім ал жұмыстары жүргізілуде

 

 

Теңіз ауылдық округі

1

Дина көшесінде орналасқан ғимаратты әкімшілік  ғимарат ретінде пайдалану үшін ағымдағы жөндеу  жұмыстарын жүргізуге  қаржы сұрату.

Жыл ішінде

Қысқы дайындық бойынша 12900,0 мың теңге бөлінді. Конкурс жұмыстары жүргізілуде

2

Даулет, Құмарғали, Шайхы  елді мекендеріне кірме жолдарын  күтіп ұстау үшін қаржы бөлуге сұраныс беру.

Жыл ішінде

Кірме жолдарды күтіп ұстау үшін 1500,0 теңге бюджеттік өтінім берілді. Қаржы көзі бөлінген жоқ.

Сүйіндік ауылдық округі

1

Ауыр халдегі, жағдайы қиын науқастарды жақын жердегі Ресейдің Харабали қаласында шұғыл жәрдем көрсетуді және гинекологиялық, хирургиялық оталарды тегін жасауға ықпал ету.

Жыл ішінде

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Ресей министрлігі арасында меморандум жасақталуда

2

Шаруа қожалығын дамыту үшін жайылым жерлер берілсе

Жыл ішінде

Аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, «Сүйіндік» ЖШС, округ әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп жайылымдық жерлер зерделеніп, аудандық жер комиссиясына тізімі жолданды.

Азғыр ауылдық округі

1

Аудан орталығымен Азғыр өңірі аралығындағы қатынас жолды күтіп ұстау мәселесін қадағаласа.

Жыл ішінде

«Құрманғазы жолдары» ЖШС мекемесінің жылдың жұмыс жоспары аясында Аудан орталығымен Азғыр өңірі аралығындағы қатынас жолды күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп отыр

Асан ауылдық округі

1

Асан, Үштаған елді мекендеріне жүргізілген су тазарту станциялары мен ауыз су құбырларының іске асуын қадағалау.

Жыл ішінде

Сүйіндік – Асан магистралды су құбырының тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

2

Дәрігермен, жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету мәселесі.

Жыл ішінде

Үштаған дәрігерлік амбулаториясы  жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. Жаңадан көлік сатып алу үшін ауданық емхана облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім жолдады.

 

Қиғаш ауылдық округі

1

Қиғаш ауылының таза  су желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

жыл ішінде

Қиғаш ауылдық округіне қарасты Қиғаш ауылының таза су желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу веб порталымен 26.06.2023 ж. конкурс жарияланып, 11.07.2023 ж. өтінімдерді қабылдау аяқталады.

Дыңғызыл ауылдық округі

1

Қазақтелеком мекемесіне қарасты интернет желісінің соқаларын ауыстыру.

2023 жыл

Қазақтелеком мекемесіне хабарланды. Қажетті материалдар келгеннен соң  соқаларды ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.

2

Жабық спорт кешенін салу

 

2023-2025 жж

 

 

Дыңғызыл ауылдық округінің Жыланды ауылына жабық спорт кешенін салуға жобалау сметалық құжаттамалары жасақталып жатыр. ЖСҚ жасақталғаннан кейін мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылыс монтаж жұмыстарына қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданатын болады. Жабық спорт кешеніне жер телімі берілді.

3

Дыңғызыл ауылдық округіндегі және оған қарасты елді мекендердің электр желілерін және бағаналарын жаңарту

2023-2025 жж

 

Тапсырыс беруші: Аудандық құрылыс бөлімі. Электр желісі, келісімшарт №12 14.03.2023 жыл. Құны 205290798,3 теңге. Күні бүгін қаржы бөлініп, жеңімпаз анықталып, («STROYCONSALTING» ЖШС), ЖСҚ жасақталуда.

Шортанбай ауылдық округі

1

Жасталап ауылына шағын жазғы спорт алаңын салу

2023 жыл

Жасталап ауылына спорт алаңы құрылысына ЖСҚ жасақталуда.

2

Жасталап ауылына дәрігерлік пункт құрылысын салу

2023 жыл

Егінқұдық елді мекенінде жоспарланып  салынатын медициналық пункт ғимаратын Жасталап ауылына салуға ұсыныс етіп хат жолданды.

 

3

Шортанбай ауылдық денешынықтыру кешенінің айналасын қоршау

2023 жыл

Облыстық құрылыс басқармасына ұсыныс берілді.

Көптоғай ауылдық округі

1

Көптоғай ауылдық округіндегі жаңадан сатып алынған БК-100 баркасын іске қосу.

2023 жыл

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен құжаттары жасақталды, алдағы уақытта қоғамдастық өкілдерімен кеменің техникалық жағдайы тексеріліп, округ теңгеріміне қабылдау шаралары жүргізіледі.

2

«Славный» суда жүзу баркасына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

2023 жыл

2023-2024 жылдарға арналған күзгі-қысқы дайындық бағдарламасы аясында 31 603,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталып, аудандық құрылыс бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсына жариялау үшін құжаттар әзірленуде.

3

Көптоғай ауылдық округіндегі электр бағаналарының тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғырту

2023 жыл

«САЛА ЖШС» арқылы ЖСҚ жасақталып, «Атырау құрылыс консалтинг» ЖШС-нан сараптамадан оң қорытындысы шықты, сараптамадан кейінгі құны                   191 млн, 50 мың теңге. Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды, қаржы бөлінді. Мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда

Бөкейхан ауылдық округі

1

Ауыл тұрғындарының округ аумағынан тұрғын үй салу үшін жер кезегіне 200 адам тұрғандықтан округтің бас жоспарындағы Бөкейхан мөлтек ауданынан жер беру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрлысын жүргізу, қаражат көзін қарастыру.

2023 жыл

Құрманғазы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 108-VІІ шешіміне сәйкес Бөкейхан мөлтек ауданының егжей-тегжейлі жоспары (ПДП) жасақталып, жоспар шегінде жасақталған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрлысын жүргізу үшін  қаржы бөлуге сұраныс берілді.

 

2

Округ көлемінде орналасқан электр желісі трансформаторлардың қазіргі жағдайы өте төмен қысқы мезгілде аппаты  жағдайларға соқтырып отырады осыған орай жаңадан трансформаторлар ауыстыру және салу.

2023 жыл

Қуаты 250 кВа болатын 3 дана трансформатор орнату үшін 65993,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік  сатып алу порталына баға сұранысы бойынша трансформатор және электр  желілеріне ашық конкурс жарияланды.

3

Күйген  ауылына  түнгі  жарық  шамдарын  орналастыру.

2023 жыл

18 дана күн сәулесінен қуат алатын түнгі жарық шамдары орнатылды.

Кудряшов ауылдық округі

1

Ауылдық округке қарасты Лазо учаскесіне электр бағандарын орнату.

1 мамыр 2023 жыл

Лазо учаскесінің электр желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ жасақталуда.

Жаңаталап ауылдық округі

1

Ақжол көшесіне (Алматерек, Племстанция) ауыз су желісін тарту

Желтоқсан айы

ЖСҚ жасақтауға қажетті қаржы көлемінің есебі шығарылуда

2

Ауыл ішілік жол құрылысы

Жыл ішінде

Хиуаз (Дәшін)  ауылына кірме жол, ауылішілік жолды тротуарымен қоса қайта жаңғырту 2021 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жол құрылысы басталды. Жоба бойынша ауылішілік автомобиль жолдарының ұзындығы 10 км, тротуар  4,7 км. мердігер «Атырау жолдары» ЖШС, жоба құны 1 669,235 млн теңге. Қазіргі уақытта 3,5 км ескі асфальт жабындысы қырып алынып, автогрейдермен тегістелуде. Сондай-ақ қажетті инертті материалдар алынуда.

Мердігер мекеме құрылыс монтаж жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеуіне байланысты 2022 жылдың 06 қазанда Атырау облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына талап арыз берілді. Соттың шығарған шешіміне аппеляциялық сот алқасына шағым беріліп, шығарылған қаулы бойынша айыппұл жүргізілуде. Сонымен қатар, 2022 жылы бөлінген 352,0 млн тг қаржысы игерілмей, аудандық маслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №192-VІІ сессиясымен қаржысы кері қайтарылды.

Ақкөл ауылдық округі

1

Электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары және көше жарығын орнату

2023 жыл

Айкон ЛТД мекемесі жеңіп алған бұл жұмысты жүргізуге. Тапсырыс беруші: Атырау облыстық энергетика  басқармасы. Күні бүгін жобаға түзету енгізілді, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптама мерзімі  10 шілде 2023 жылы аяқталады.  

2

Тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын орынды ауыстырып көшіру

2023 жыл

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі  №86 қаулысына сәйкес, «Құрманғазы ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі обьектілерді салу үшін тұрақты жер пайдалану құқығын табыстау туралы» қаулысына сәйкес,  құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта округ теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.

 

Құрманғазы ауылдық округі

1

Қоқыс алаңындағы лас көл суын қоршау.

Жыл ішінде

Қоқыс және кәріз суын төгетін алаңдарды қоршау жұмыстарына қаржы бөлінді. Қазіргі таңда конкурс жұмыстары ұйымдастырылуда.

2

Бұралқы иттерді жою мәселесі

Жыл ішінде

Құрманғазы ауданы бойынша «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР заңына сәйкес 2023 жылға 3 600 000 теңге қаражат бөлінді. «Сибат строй» ЖШС қазіргі таңда 40 бас бұралқы ит ауланып жоспары толық орындалды.

3

Қыдырата көшесіне асфальт жүргізілсе.

Жыл ішінде

Құрманғазы ауылы бойынша 16,1 шақырым асфальт жол төсеу жоспарына аталған көше енгізілген.

4

«Жапырық» ауылына кірме автожол салынса.

Жыл ішінде

Құрманғазы ауылы бойынша 16,1 шақырым асфальт жол төсеу жоспарына аталған кірме жол енгізілетін болады.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521