2022 жылы IV тоқсан бойынша аудан әкімі М.Мурзиевтің аудан тұрғындарымен кездесуде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалысы

(0 Votes)

 

р/с

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалу мерзімі

Орындалу нысаны

 

Мақаш ауылдық округі

1

Алға ауылы мен 7 бекет арасына қатынайтын жолаушылар автобусын шығару

2023 жыл

Қазіргі уақытта ниет білдіріп отырған кәсіпкерлер жоқ

2

Алға-Еңбекші арқылы жүретін су құбырын "Қиғаш-Маңғышлақ" су құбыры желісіне қосу

2023 жыл

«Қиғаш-Маңғышылық» су құбыры магистраліне қосу  2023 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарланып отыр

        Еңбекші ауылдық округі

1

Жұмекен дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының тозуына байланысты жаңадан амбулатория салу мүмкіндігін қарастыру.

2023 жыл

ЖСҚ жасақтау жұмыстары жүргізілуде

2

Атырау-Астрахань тас жолы бойындағы Жұмекен ауылының тұсына қосымша жаяу жүргінші, көлік жылдамдығын шектейтін белгілер орнату және автокөліктердің шамадан тыс жылдамдығын қадағалау.

2023 жыл

Арнайы белгілер жол құрылысы жобасына сай орнатылады

3

Жұмекен ауылына ауылшілік тас жол төсеу

2023 жыл

Жұмекен ауылына 2019 жылы ауылішілік жол төселді. Ендігі жол салынбаған қалған көшелер 2 кезең жұмыстарына енгізіліп ЖСҚ жасақталуды.

4

Кадырка ауылына жазғы футбол алаңын салу

2023 жыл

Аудан бойынша 15 елді мекенге ойын алаңдарын салу үшін ЖСҚ жасақталды. Мемлекеттік сараптамаға жолданды.

Орлы ауылдық округі

1

«Атырау-Астрахань» тас жолының Орлы ауылының тұсынан салынатын аялдама мен оған  тұрғындарға биікке шығу үшін арнайы баспалдақ жасап, жаяу жүргінші белгілерін тиісті жарығымен орнату жұмыстарын жүргізу

2023 жыл

Арнайы белгілер, аялдамалар және жаян жүргіншілер сатысы жол құрылысы жобасына сай орнатылады

2

Округтің теңгеріміндегі электр желісі бағаналарын жөндеу жұмыстарын жүргізу

2023 жыл

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша іске асырылады

3

Тәуелсіздік көшесінен Н.Манаев мектебіне дейін негізгі жолдың бойына арнайы жаңа баған жүргізіп, көше жарығын тарту.

2023 жыл

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша іске асырылады

4

Орлы ауылындағы Н.Манаев мектебі ғимаратының ауласындағы түнгі шамдарды істен шыққан, қалыпқа келтіру

2023 жыл

Мердігер мекеме арқылы қалпына келтірілді

5

Дәулеткерей балалар музыка мектебінің Орлы бөлімше ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді және қажетті музыкалық жаңа аспаптар сатып алу.

2023 жыл

Бюджеттік өтінім жолданды.

6

Нұғыман Манаев көшесі  №15 мекен жайдағы  тұрғын үйдің маңындғы бағаналарды  темір-бетонды іргетасы бар жаңа бағанаға ауыстыру.

2023 жыл

Толықтай ауыстырылды

Нұржау ауылдық округі

1

«Гаухар» бөбекжай балабақшасының ауласындағы апаттық жағдайда тұрған беседкаға жөндеу жұмысын жүргізу.

2023 жыл

2023 жылы беседка бұзылып, орны тазаланып, аббаттандыру жұмысы жүргізіледі

Дыңғызыл ауылдық округі

1

Ғизат Әліпов ауылына көше жарығын  жүргізу

                           

2023 жыл

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша іске асырылады

Жыланды емханасына автокөлік алу

2023 жыл

2023 жылдың соңына дейін ауданға 5 жаңа жедел жәрдем көлігін алдыру жоспарланып отыр.

2

Интернет желісінің жылдамдығы өте төмен.

2023 жыл

Интенет жылдамдығын арттыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу үшін «Қазақтелеком» АҚ мекемесін бірнеше рет ұсыныс жолданды.

3

Каналдарға  түп-тереңдету жұмыстарын жүргізу

2023 жыл

Аудан әкімі аппаратына ақпарат беру

Көптоғай ауылдық округі

1

С.Мұқанов мектебінің оқушы балаларын тасымалдайтын автобус көлігі жарамсыз болуына байланысты, жаңадан автобус сатып алу

2023 жыл

2023-2024 жылдары аудан мектептеріне облыстық білім басқармасы арқылы жаңа автобустар алынып, жаңасымен қамтылады

2

1. Көптоғай ауылдық округі бойынша электр бағандарының тозығы жеткен, сол бағандарды қайта жаңғырту;

 

2023 жыл

Көптоғай ауылындағы электр желілері мен бағаналарының тозығы жетуіне орай толықтай жаңғыру үшін ЖСҚ жасақталды. Қаржы бөлінсе 2023 жыл ішінде бұл жұс толықтай аяқталады.

3

Көптоғай ауылдық су тазарту орталығындағы  операторлардың берілмей жүрген жалақы   мәселесін шешу.

2023 жыл

Мәселе толықтай шешілді

Сафон ауылдық округі

1

Сафон ауылына дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

2023 жыл

2023 жылдың соңына дейін ауданға 5 жаңа жедел жәрдем көлігін алдыру жоспарланып отыр.

Бірлік ауылдық округі

1

Бірлік ауылындағы  мектептің және балабақшаның қасына көше жарығын тарту.

2023 жыл

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша іске асырылады

2

Түп тереңдетуден шыққан топырақтарды Бірлік және Амангелді ауылдарының өр судан қорғау бөгеттеріне тақап, өзенге қарай құлама етіп жазса және ауылдар ішіндегі орын алған ойыс шұңқырлар (бұрынғы карьер) жабылса деген ұсыныс.

2023 жыл

Мердігер мекемеге ұсыныс берілді

Кудряшов ауылдық округі

1

Ауылдық округ бойынша электр қуатының үздіксіз қамтамасыз етілуін үнемі қадағаласа.

2023 жыл

Электр қуатының үздіксіз қамтамасыз етілуі үнемі қадағаланып отыр

Асан ауылдық округі

1

Асан ауылының ауылішілік жолдарына асфальт төсеу жұмысын жүргізу

2023 жыл

ЖСҚ жасақтау жұмыстары жүргізілуде

Азғыр ауылдық округі

1

«Қоянды» учаскесінде жаңадан 6 ұңғыма қазуға ЖСҚ жасақталды деген. Ол не болып жатыр? Жеңімпаз қандай мекеме?

2023 жыл

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы тапсырыс беруімен Азғыр өңіріне «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қоянды топтық су құбырына қосымша 6 ұңғыма құрылысын салу» жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Декор» ЖШС (келісім шарт №364 10.12.2022ж).

 

2

«Құрманғазы жолдары» ЖШС мекемесіне аудан орталығы мен Азғыр өңірі аралығындағы қатынас жолды күтіп ұстауға жылға қанша қаржы қарастырылған? Бұл мекеменің жұмысын ауданнан бақылау жасау керек.

 

 

 

2023 жыл

«Ганюшкин құрылыс» ЖШС-мен 2021 жылы №25 келісім шарт 3 жылға жасақталған. Тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жалаушылыар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын қадағалауда

Сүйіндік ауылдық округі

1

Сүйіндік ауылының Х.Бекмуханбет көшесіне жарық шамдарын орнату

2023 жыл

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша іске асырылады

2

Аудан аралық жолды қырып тегістеу

2023 жыл

«Ганюшкин құрылыс» ЖШС-мен 2021 жылы №25 келісім шарт 3 жылға жасақталған. Тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жалаушылыар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын қадағалауда

Цистернадағы сұйытылған газ келеме?

2023 жыл

Облыстан алатын сұйытылған газ көлемінің жетіспеуіне байланысты, ауылға әкелуге ниет білдіріп отырғаны жоқ.

3

 «Сүйіндік» ЖШС-нің жайылымдық жерлеріне тексеру жүргізу

2023 жыл

Аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, «Сүйіндік» ЖШС, округ әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп жайылымдық жерлер зерделеніп, аудандық жер комиссиясына тізімі жолданды. «Сүйіндік» ЖШС-нің басшысының кейбір жерлерді шаруа қожалықтарына пайдалануға беруге рұқсаты күтіліп отыр.

Қиғаш ауылдық округі

1

Қиғаш ауылының шығыс жақ бетінде орналасқан «Қазақ ауылына» газ құбырларының қысымын көбейту үшін қосымша құбыр тарту

2023 жыл

Аудан әкімі аппаратына ақпарат беру

2

Қиғаш ауылына қосымша интернет желісін тарту

2023 жыл

Аудан әкімі аппаратына ақпарат беру

3

Қиғаш ауылының таза  су желісіне шұғыл жөндеу жүргізу керек

2023 жыл

Қиғаш ауылы мен Д.Нұрпейісова елді мекені үшін ауылішілік жол құрылысы үшін ЖСҚ жасақталуда.

Теңіз ауылдық округі

1

Ескі мектептің шеберхана ғимаратын округ әкімі аппаратының теңгеріміне алып, жылу жүйесі мен  шатырын жөндеу

2023 жыл

Құжаттарын жасақтау жұмытары жүргізілуде

2

Махамбет көшесінің соқаларын жөндеуден  өткізіп, трансформатор сатып алып орнату, жарық көзіне жаңадан желі жүргізу, көше жарығын тарту

2023 жыл

Жаңадан трансорматор алып, орнату үшін бюджеттік өтінім жолданды

3

Дина көшесінде орналасқан ғимаратты әкімшілік  ғимарат ретінде пайдалану үшін ағымдағы жөндеу жұмыс жұмыстарын жүргізу

2023 жыл

Аудан әкімі аппаратына ақпарат беру

Құрманғазы ауылдық округі

1

Бұралқы иттерді аулау мәселесін шешу.

2023 жыл

Құрманғазы ауданы бойынша «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР заңына сәйкес 2023 жылға 3 600 000 теңге қаражат бөлінді. «Сибат строй» ЖШС

2

1. Қоқыс алаңын қоршау мәселесін шешу жолдарын қарастыру.

 

 

2023 жыл

Қоқыс және кәріз суын төгетін алаңдарды қоршау жұмыстарына қаржы бөлінді. Қазіргі таңда конкурс жарияланды

2. Саябаққа кіру үшін арнайы бөлек қақпа шығару.

 

2023 жыл

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асады

3.Бұзаусылан елді мекеніне бөлек су тазарту қондырғысын орнату.

2023 жыл

Елді мекендеріндегі су тазарту қондырғыларындағы резервуарлардың сыйымдылығын кеңейтіп, реконструкция жасауға ұсыныс берілді.

3

Самаркин елді мекенінен Агроколледжге дейін көше жарығы жүргізу.

 

2023 жыл

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында үнемделген қаржы есебінен ағымдағы жылы орнатылады.

Жаңаталап ауылдық округі

1

Ақжол көшесіне (Алматерек, Племстанция) ауыз су желісін тарту

2023 жыл

Аудан әкімі аппаратына ақпарат беру

2

Округ аумағын көгалдандыру жұмыстарын жүргізу

2023 жыл

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асады

3

Шарон өзенін және сағаларын тереңдету

2023 жыл

Аудан бойынша өзендердің сулылығын арттыру бойынша түптереңдету жұмыстарын «Павлодар өзен порт» ЖШС мекемесі жүзеге асыруды

Ақкөл ауылдық округі

1

Электр желісінің кернеулік сымдары ескірген жаңадан тарту жұмыстарын жүргізу.

2023 жыл

Мердігер мекеме: «Аikom LTD» ЖШС. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары түзету енгізілуіне орай тоқтап тұр.

2

Округтің барлық көшелеріне көше жарығын тарту.

2023 жыл

Жүргізіліп жатырған электр желілері мен бағандарын жаңғыру жұмыстары аясында көше жарығы орнатылады.  Мердігер мекеме: «Аikom LTD» ЖШС

3

Ауылішілік автокөлік және тұрғындар жүретін жолды жаңғырту жұмысын аяқтап бітіру

 

2023 жыл

Тротуар орналастыру жұмыстары аяқталды. 5 км жолдың астыңғы қабаты төселді. Жұмыстар жалғасуда.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT