2022 жылы II тоқсан бойынша аудан әкімі М.Мурзиевтің аудан тұрғындарымен кездесуде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалысы

(0 Votes)

 

р/с

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалу мерзімі

Орындалу нысаны

 

Мақаш ауылдық округі

1

Қаракөл-Голбин және Көкарна елді мекендеріне құбыр арқылы жүретін таза су желісін аяқтап тұрғындарға пайдалануға беру

1 тамыз 2022 жыл

«Құрманғазы ауданы Алға ауылындағы Қарақұл, Голбин, Көкарна елді мекендеріне ауылішілік су құбырының желісінің құрылысы» мердігер мекеме «Байсын А» ЖШС-мен құрылысы жүргізіліп, аяқталды. Нысан 08.04.2022 жылы қабылданды. Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне берілді.

Көкарна елді мекеніндегі электр желісінің ток кернеуін көтеру жөнінде шаралар қабылдау

1 шілде 2022 жыл

Көкарна елді мекеніндегі электр желісінің ток кернеуін куаты көтерілді.

2

«Даулеткерей-Алға» аудандық маңызы бар тас жолдың, Алға ауылына қарасты көпірге жақын жердегі тіке бұрылысқа қауіпсіздік жол белгілерін орнату

1 шілде 2022 жыл

«Даулеткерей-Алға» аудандық маңызы бар тас жолдың, Алға ауылына қарасты көпірге жақын жердегі тіке бұрылысқа қауіпсіздік жол белгілері орнатылды.

Еңбекші ауылдық округі

1

Жұмекен су тазарту қондырғысы мекемесінің тұрғындарға беріліп отырған таза ауыз су сапасын қадағалау.

Жыл ішінде

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында, 2021 жылы су тазарту имаратындағы су сүзгілері ауыстырылды.

2

Ауылшаруашылық жануарларын күтіп ұстау, бақташы арқылы бағуды ұйымдастыру

Жыл ішінде

Атырау облысы мәслихатының 2020 жылғы 30   қазандағы  №485-VІ  шешімімен бекітілген Атырау облысынң елді мекендерінде  ауыл шаруашылығы  жануарларын жаюдың Қағидаларының   4 тарауында  «Ауыл  шаруашылығы жануарларын жаюды  ұйымдастыру»   ауылдық округ әкімдеріне жүктелген. Бұл мәселе округ  әкімдеріне  және тұрғындармен  кездесу жиындарында бірнеше рет  тапсырылганымен күні бүгінге  дейн  ауылдық  округ тараптарынан  ұйымдастырылмай келеді

Орлы ауылдық округі

1

Орлы ауылының жақын маңындағы  жайлым жер учаскелерін қайтару мүмкіндігін қарастыру, елді мекеннен алыс босалқы жер учаскелеріне көшіру

Жыл ішінде

Қазіргі уақытта космосъемка арқылы игерілмей жатырған ауыл шаруашылығы жерлеріне аудан бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілуде.Орлы ауылының шаруа қожалықтары Орлы ауылынан кем дегенде 3 км-ден  жоғары отыр.Алдағы уақытта жер учаскелерін берген кезде қоғамдық кеңес отырысынан, аудандық мәслихаттан, атамекен кәсіпкерлер палатасынан келісім алынады. Барлық округ әкімдеріне халықты мал жайылымдық жерлерін бекіту үшін аудан әкімінің орынбасары Н.Қалиевтың қолымен хат жіберіліп, тапсырма берілді.

2

«Шарон» өзенінен  бөлінген «Шөбеке» көпірі арқылы  су бойын қазу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс беру

1 шілде 2022 жыл

Кіші Крестіге баратын су бойын қазу жұмыстарын жүргізу аудан бойынша түп тереңдету жұмыстарын жалғастыру бағытында аудандық құрылыс бөлімі арқылы жасалып жатырған ЖСҚ-ға аталған жұмысты  қосу бойынша ұсыныс берілді.

3

Ауылішілік тас жол құрылысын сапалы жасалуын қадағалау, су өткізгіштер салу мүмкіндігін қарастыру

Жыл ішінде

 

Ауылішілік тас жол құрылысын сапалы жасалуы қадағаланып келеді және су өткізгіштер салынды.

4

Зираттар қорымы үшін «Қанжыға» учаскесінен алынған  жерді қоршау жұмыстарына қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

1 шілде 2022 жыл

1 га жер учаскесін қоршау үшін 8270,0 мың тг. қаражатқа бюджеттік сұраныс тиісті орынға жолданды, алайда жылы ішінде бұл бағытта қаражат бөлінген жоқ.

Нұржау ауылдық округі

1

Ақботин көшесіндегі мәдениет үйі мен Байланыс мұнарасының (телевышка) аралығына ойын алаңдарын салу

1 тамыз 2022 жыл

С.Ақботин көшесіндегі мәдениет үйі мен Байланыс мұнарасының арасына ойын алаңдарын салу бойынша округ әкімінің 2022 жылғы 6 маусымдағы №24 шешімі бойынша Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне спорт алаңын салу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы берілді. Бүгінгі таңда «ШЫМГОРПРОЕКТ» ЖШС-мен сметалық құжат жасақталды

2

А.Сатеков көшесіне шығатын ұзындығы 160 метр асфальт жолын салуды ауылішілік жолдың жобасына енгізу мүмкіндігін қарастыру .

1 шілде 2022 жыл

Жоба бойынша жол құрылысы жұмыстары жүргізілуде. жол салынбаған көшелерге тас жол төсеу үшін Құрманғазы ауданын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді

3

 

Ауылішілік жол  құрылыс аяқталған соң, жасанды жол кедергілерін, жол белгілерін орнату

Жыл ішінде

Жол құрылысы бойынша жобада қаралған белгілер орнатылады. одан бөлек қажетті жол кедергілері және жол белгілері қосымша күтіп ұстау жұмыстарымен жүзеге асырылады.

Дыңғызыл ауылдық округі

1

Жазғы мезгілде ауыз су қысымын көтеру

Жыл ішінде

Күні бүгін округ балансына алынып, тіркеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат көзі есептеліп, келесі жылға бюджеттік ұсыныс беріліп, жөнделген соң сенімгерлікке беру арқылы сумен қамтуды ұйымдастыру жоспарлануда.

2

Жыланды-Шортанбай ауылдары арасындағы жаяу көпірдің құрылысын аяқтау

Жыл ішінде

 

Жыланды-Шортанбай ауылдары арасындағы жаяу көпірдің құрылысы мердігер мекеме «Декор» ЖШС-мен жүргізілуде. Жыл аяғына дейін құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

3

Дыңғызыл ауылдық округіне  жабық спорт кешенін салуға ұсыныс беру

1 шілде 2022 жыл

Дыңғызыл ауылдық округіне  жабық спорт кешенін салу Құрманғазы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. ЖСҚ жасақтау 2024 жылы көзделген.

 Жыланды ауылына ауылішілік тас жол салуды қарастыру

Жыл ішінде

 

Қазіргі таңда ЖСК жасақталуда. Мердігер "ЛМ Транспроект"

Көптоғай ауылдық округі

1

Жасталап-Көптоғай ауылдарына Қиғаш өзені арқылы қатынайтын Баркастың құжаттарын аяқтап пайдалануға беру

 

30 қазан 2022 жыл

Қазіргі таңда баркастың мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының теңгеріміне беріледі.

2

Шекаралық өткізу пунктінен тұрғындарды күнделікті өткізу мәселесін қарастыру 

1 шілде 2022 жыл

Аудан әкімі М.Мурзиевтің атынан ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департамент бастығының МУА полковник Ғ.Дюсовке 2022 жылы 21 шілдеде хат жолданды. 2022 жылғы 28 шілдедегі №15/1-1-946 санды хатпен ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департамент бастығының МУА полковник Ғ.Дюсов, Көптоғай-Теплинка шекара өткелінің жұмыс істеу кестесі өзгермейтіндігін дәлелді себептермен хабарлады, халыққа түсінік жұмыстары жүргізілді.

3

Ауылға жастардың бос уақытын тиімді пайдалану  үшін спорт кешенінің құрылысын салу

Жыл ішінде

Көптоғай ауылына 48 оырндық спорт кешенінің құрылысын салуға ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысына қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолдануда.

Сафон ауылдық округі

1

Су тапшылығына  байланысты каналды түп тереңдетуге жобаға ұсыныс енгізу

1 шілде 2022 жыл

Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бірінші кезекте 99,6 км каналдардың түбін тереңдетуге жоба жасақталып,  мердігер мекеме "Павлодар өзен порты" АҚ-мен жұмыстары  жүргізілуде. Жобада Сафон ауылдық округіне қарасты Понкрашино 7 км, Линейный 14 км каналдардың түбін тереңдету көзделген.

2

Зираттар қорымын қоршау үшін сұраныс беру

30 шілде 2022 жыл

Округте орналасқан төрт зираттардың жер актілері жасалды, заңдастырылды. Қаражат көзін бөлуге сұраныс берілді. Қаржы бөлінген уақытта жұмыстар ұйымдастырылады.

3

Балабақша салу жөнінде зерделеп, ұсыныс енгізу

1 шілде 2022 жыл

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Amanat» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сайлауалды бағдарламасында 2022-2025 жылдары 8 балабақша, 5 мектеп салу жоспарланған. Шортанбай ауылынан 120 орындық балабақша ғимаратын салу 2026-2030 жылдарға жасалған қосымша  жоспарға енгізуге ұсыныс берілді.

Бірлік ауылдық округі

1

Бірлік ауылындағы  Қиғаш  көшесіне тас жол төсеуге ұсыныс енгізу

1 шілде 2022 жыл

Аудан бойынша ауылдық округтердін ауылішілік жолдардың құрылыс жұмыстары кезең кезеңімен жүргізіліп келеді. Жол салынбаған ауылдардың көшелеріне және  шағын елді мекендерге жоба жасақтау үшін  Құрманғазы ауданын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді.

2

Амангелді ауылына ауылішілік тас жол төсеуге ұсыныс енгізу

1 тамыз 2022 жыл

Аудан бойынша ауылдық округтердін ауылішілік жолдардың құрылыс жұмыстары кезең кезеңімен жүргізіліп келеді. Жол салынбаған ауылдардың көшелеріне және  шағын елді мекендерге жоба жасақтау үшін  Құрманғазы ауданын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді

Кудряшов ауылдық округі

2

Ауа райының қолайсыз күндері ауылда жарықтың өшуінің алдын алу, эелектр желілерінің үзілуін болдырмау мақсатында "Атырау-Жарық" мекемесі арқылы тиісті шаралар қабылдау

Жыл ішінде

Оркуг әкімі аппараты Лазо учаскесінің электр желісін реконструкциялау жұмыстарына ЖСҚ жасақтауға (1,5 млн теңге) аудандық бюджеттік комиссияға ұсыныс берілді.

Шортанбай ауылдық округі

1

Жаңадан балабақша құрылысын салу үшін зерделеп, ұсыныс енгізу

1 шілде 2022 жыл

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Amanat» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сайлауалды бағдарламасында 2022-2025 жылдары 8 балабақша, 5 мектеп салу жоспарланған. Шортанбай ауылынан 120 орындық балабақша ғимаратын салу 2026-2030 жылдарға жасалған қосымша  жоспарға енгізуге ұсыныс берілді.

2

Таза ауыз судың қуатын арттыра отырып  тұрғындарға жеткілікте көлемде беру мәселесін қарастыру

30 шілде 2022 жыл

Ағымдағы жылы су тазарту имаратына жәй жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға жеткілікті көлемде су беріліп отыр.

 

Асан ауылдық округі

1

Жаңадан салынған су тазарту қондырғысын тезірек пайдалануға беру меселесін шешу

Жыл ішінде

Асан және Үштаған су тарату қондырғалары «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС мекемесіне сенімгерлік басқаруға табысталды. Қазіргі уақытта «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС мекемесі Сүйіндік – Асан – Үштаған магистральды су құбырын іске қосу жұмыстарын жүргізуде.

2

Жаңадан ашылған медициналық пунктке дәрігер қажет және алғашқы көмек көрсететін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету.

Жыл ішінде

Медициналық пунктіне ҚР заңнамаларына сай дәрігердің бірлігі қарастырылмаған, орта буын қызметкер жұмыс жасап отыр, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылып тұр.

Азғыр ауылдық округі

1

Ауылішілік ауыз суды тұрғындарға жеткізу мәселесін шешу

Жыл ішінде

Ауылішілік су құбырларын сенімгерлік басқаруға беруге 2 мәрте жарияланды. ниет білдіруші мекемелер болмай отыр конкурсқа мердігер түспеді. күні бүгін "ҚазСуШар" РМҚ арқылы ауыз су әр тұрғын үйге тасымалданып жеткізіліп берілуде.

Елді мекендердегі электр желілері мен бағаналарын ауыстыруға немесе жөндеуге ұсыныс беру

1 шілде 2022 жыл

Жөндеу жұмыстары уақтылы толықтай жүргізілді. Ескі бағаналар қосымша ауыстырылды.

2

Шекарадан өту мәселесі ҚР мен РФ арасындағы  Балқұдық –Харабали жеңілдетілген өткізу пункітіндегі мәселелерді зерделеп, ұсыныс енгізу

1 тамыз 2022 жыл

Балқұдық –Харабали жеңілдетілген өткізу пункітіндегі жағдай қалыпты жағдайда

3

Дүкендер мен сауда орындарындағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесін қарастыру

Жыл ішінде

        Құрманғазы ауданы әкімінің 2021 жылғы 9 қараша №418- Ө «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын өсірмеу жөнінде штабын құру туралы» өкімімен мониторинг топ құрылып,  әр апта сайын негізгі әлеуметтік маңызы бар   19 азық-түлік түрлеріне мониторинг жүргізілуде.  Сондай-ақ, аудан бойынша ауылдық округтердегі азық-түлік  тауарларын сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлермен ауылдық округ әкімдерінің арасындағы азық- түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі екі жақты 125 кәсіпкерлік субъектімен меморандум жасақталды, оның ішінде 105 жеке кәсіпкерлер, 17 шаруа қожалық басшылары және   3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері.

4

Азғыр негізгі орта мектебінің тозуына байланысты, жаңа мектеп құрылысына зерделеп, ұсыныс енгізу.

 

1 шілде

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Amanat» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сайлауалды бағдарламасында 2023-2025 жылдары Азғыр ауылынан 80 орындық мектеп құрылысын салу жоспарланған.

5

Азғыр зооналды ветеринариялық лабораториясын қайтадан ашу мәселесін қарастыру.

 

Жыл ішінде

      Облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаев  2022 жылдың            21-23 маусым күндері   ауданға жұмыс сапарымен келген кезінде  Азғыр өніріне барып бұл мәселемен жеке  танысып  үсітіміздегі жылдың ІІІ-ші тоқсанында  зертхананы ашу жоспарға енгізіліп, 2022 жылдың 9 қыркүйегінде ашылып,  штат саны                            6 қызметкермен жұмысын  бастады.

Сүйіндік ауылдық округі

1

Ауыр халдегі, жағдайы қиын науқастарды жақын жердегі Ресейдің Харабали қаласына өткізуді жеңілдету үшін Шекара мәселесін шешу.

Жыл ішінде

Ауыр халдегі, жағдайы қиын науқастарды жақын жердегі Ресейдің Харабали қаласына өткізу мәселесі қалыпты жағдайда.

2

Ауылға спорт кешенін салу мәселесін қарастыру.

Жыл ішінде

Сүйіндік ауылына 48 орындық спорт кешенінің құрылысын салуға ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысына қаржы бөлуге облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім жолдануда.

3

Шаруа қожалықтарына жайылым, шабындық жерлерін алуға түсінік жұмыстарын жүргізу

Жыл ішінде

      Облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаев  2022 жылдың            22 маусым күні   Сүйіндік  округінде жұмыс сапарымен болған кезінде  Ауылдық Мәдениет үйінде тұрғындар мен шаруа қожалық  басшыларымен  болған кездесуде бұл мәселе бойынша  түсініктер берілді.  

Қиғаш ауылдық округі

1

Өр суы келген кезде және өр суы қайтқан кезде балықтардың және оның шабақтарының қырылуының алдын алу

30 маусым 2022 жыл

Бөлім басшысының орынбасары Б.Имангалиев,  бас маман-С.Ертелеуов,  округ әкімдері  М.Жунусова,О.Азимов  болып  және округ тұрғыны Х.Султановтын қатысуымен мамыр айында  Қиғаш  округіне қарасты  су айдындарына  барып зерделеу жүргізді.  Нәтижесінде, көктемгі өр суы келу  кезінде  балықтардың жайылымдарға еркін өтуіне және су қайту кезінде су арнасы қайтуына жасанды кедергілерді болдырмау жөнінде «Магистралдық суағызғысы» ЖШС-гі  директорына 2022 жылдың 23 мамырда аудан әкімінің орынбасары  Н.Қалиевтың          №06-07-01-04/1350 хаты жолданды. Сонымен бірге, округ тұрғы Х.Султановқа бөлімнің атынан жүргізілген зерделеу туралы           27 мамырда   №06-07-05/685  хатпен жауап берілді.

2

Қиғаш ауылдық округіне дәрігер бөлуді қарастыру

Жыл ішінде

Қиғаш ауылында тұрғындардың саны бойынша ҚР заңнамасына сай Фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) бекітілген, пункті екі медициналық орта буын қызметкерлер жасап отыр.  ФАП-та ҚР заңнамалары бойынша дәрігер болмайды.

3

Қазақ ауылындағы табиғи газының қысымын көтеру шараларын қарастыру және интернет желісін тарту

1 тамыз 2022 жыл

Қазіргі таңда, Қазақ ауылына табиғи газдың қысымын көтеру үшін қосымша газ құбыры жүргізілуде. Жыл аяғына дейін іске қосылады.

Теңіз ауылдық округі

1

Спорт зал,  өнер  мектебін ашу, ардагерлер бөлмесін белгілеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Жыл ішінде

Спорт зал бойынша  қазіргі уақытта ескі мектептің шеберханасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін спорт зал ретінде пайдалану жоспарлануда.

Өнер мектебін ашу мүмкіндігі жоқ, күні бүгін спорт бағдарламасы аясында  спорттық  кружоктар ашылған. Теңіз ауылдық округі әкімшілігінің  ғимаратынан ардагерлер үшін 1 бөлме бөлінді, алайда ғимараттың апаттық жағдайда болуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жоқ.

2

Ауыл ішілік тас жолды күтіп ұстау, жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізу.

 

Жыл ішінде

Аудан бойынша күтіп ұстаушы мекемемен жол белгілері орнатылды.

Бөкейхан ауылдық округі

1

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебіне жаңа ғимарат салу мәселесін, зерделеп қарастыру

1 тамыз 2022 жыл

1.           Құрманғазы ауданы Байда ауылынан жаңа типті жобада 600 орындық мектеп құрылысын салу жөнінде Атырау облыстық Білім беру басқармасына 04.04.2022 жылғы №06-07-29-1-2/2826, 31.05.2022 жылғы №06-07-29-1-2/462 хатпен ұсыныс жолданды. Құрманғазы ауданын 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді.

 

Бөкейхан ауылынан Қиғаш бойын қамту үшін өрт сөндіру бөлімшесін ашу мәселесі.

1 тамыз 2022 жыл

Бөкейхан (Котяев – ескі атауы) ауылына өрт сөндіру бекетінің құрылысына ЖСҚ жасақтау және құрылысын салу Құрманғазы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. ЖСҚ жасақтау              2024 жылға, құрылысын салу    2026-2027 жылдарға жоспарланған. Қазіргі уақытта жақын орналасқан Сафон ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті құрылған. Сафон, Бірлік, Кудряшов, Байда ауылдық округтеріндегі елді-мекендерде табиғи техногендік, өрт сөндіру жұмыстарын жүзеге асырады.

 

2

Ауылішілік су желісі құрылысын  аяқтау.

1 тамыз 2022 жыл

 

Котяевка ауылындағы су желісінің ұзындығы 28 км, мердігер мекеме «Болат Д» ЖШС. Жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі уақытта тоқтап тұр. (Жобада ауылішілік асфальт жолдарының көрсетілмеуі және құрылыс материалдарының қымбаттауына сәйкес жобаға түзетулер енгізілуде)

Құрманғазы ауылдық округі

1

Құрманғазы ауылына тартылатын кәріз жүйелерінің ЖСҚ-сын қайта қарастырып, өзгеріс енгізу

1 тамыз 2022 жыл

 

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы Құрманғазы ауылына тартылатын кәріз жүйелерінің ЖСҚ жасақталуда. Мердігер мекеме «Эдемстрой» ЖШС. Жобаға өзгеріс енгізу жөнінде облыстық құрылыс басқармасына ұсыныс берілді.

 

Елді мекендерді сумен қамтудағы проблемаларды шешу

1 тамыз 2022 жыл

. Аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтып тұрған 24 су тазарту иммараттары қалыпты деңгейде жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта СТИ-ның су сүзгілері және басқа да қосалқы бөлшектері тозуына байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022-2023 жылдарға арналған күзгі-қысқы маусымына дайындық шараларының аясында 441,3 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурстарына сәйкес, мердігерлер анықталып, жұмыстар жүргізілуде.

 

Аудан бойынша салынған мал молаларын теңгерімге қабылдау мәселесін аяқтау

1 тамыз 2022 жыл

Құрманғазы ауданындағы   19 ауылдық округке биотермиялық шұңқырлардың құрылысы жүргізіліп, 2017 жылы құрылысы аяқталып қабылданды.

Облыс әкімдігінің қаулысы сәйкес,  Атырау облысы Құрманғазы ауданының коммуналдық меншігінен «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Құрманғазы аудандық  ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілді.

2

 «Магистралды су ағызғысы» ЖШС желісіне қосылу жұмыстарының құрылысын шұғыл аяқтап, лимит мәселесін шешу

1 тамыз 2022 жыл

 

1.  «Астрахань-Маңғышылақ» су өткізгішінен Құрманғазы ауданы Ганюшкин СТҚ-ға су құбыры желісін салу жұмыстары бойынша құрылысы 2021 жылы аяқталды. Мердігер-«Гранд-Мастер» ЖШС. Аталған су желісіне Құрманғазы, Жұмекен, Орлы, Кадырка елді мекендері қосылып, сумен қамтылатын болады. Қазіргі уақытта, лимит мәселесін шешу қарастырылуда.

Құрманғазы ауылдық округі бойынша қоқыс алаңдарына аудан әкімдігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы №300 қаулысымен 13,65 га Құрманғазы ауылының шығыс жақ бетінен (РТС ауылы) жер телімі бөлініп, қазіргі уақытта құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңаталап ауылдық округі

1

Дәулеткерей атындағы 25 орындық балалар музыкалық мектебінің құрылысына қаржы бөлу

Жыл ішінде

Дәулеткерей атындағы 25 орындық балалар музыкалық мектебінің құрылысына ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өткен. Музыка мектебі  құрылысы үшін 191 млн қаржы бөлінбей отыр.

2

140 орындық балабақша құрылысына қаржы бөлу мәселесін қарастыру

1 тамыз 2022 жыл

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Amanat» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сайлауалды бағдарламасында 2023-2024 жылдары Хиуаз  ауылынан 140 орындық балабақша құрылысын салу жоспарланған.

Ақкөл ауылдық округі

1

Ақкөл ауылындағы электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізу

 

Жыл ішінде

«Айкон LTD»мердігер мекемесі конкурста жеңімпаз болып танылған. Жоба құны–370669 мың теңге. 40 км ауыл ішілік электр желілері ауыстырылады. Қазіргі уақытта Хиуаз аумағында орналасқан подстанциядан Ақкөл аумағындағы саяжай участогіне дейін жаңа электр желілерінің соқалары екі қатар орнатылды.

2

Ақкөл ауылындағы көшелерге жарықтандыру жұмысын жүргізу

 

Жыл ішінде

Ақкөл ауылындағы электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізілгенде, жобаға сәйкес 459 дана жарық шамдары барлық көшеге орнатылады деп күтілуде.

 

3

Ауылішілік автокөлік және тұрғындар жүретін жолды жаңғырту жұмысын аяқтап бітіру

Жыл ішінде

Ауылішілік автокөлік және тұрғындар жүретін жолды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар келесі жылы аяқталады деп күтілуде

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521