р/с |
Іс-шара атауы |
Мерзімі |
Орындалу нысаны |
Мақаш ауылдық округі |
|||
1 |
Округ аумағындағы каналдар мен өзектерді түп тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін жобаға енгізу. |
Жыл ішінде |
Мақаш ауылдық округіне қарасты Алға-3,5 км, Көкарна – 6,1 км, Сурхан -3,6 км каналдарының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облыстық құрылыс басқармасымен ЖСҚ жасақталуда. |
3 |
Округтегі елді-мекендерге балалар ойын алаңын салу. |
Жыл ішінде |
Алға ауылына спорт алаңының құрылысына жоба сметалық құжаттама «Шымгорпроект» ЖШС-мен жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысына қаржы бөлу жөнінде тиісті басқармаға бюджеттік өтінім жолдануда. |
Еңбекші ауылдық округі |
|||
1 |
Кадырка ауылындағы Ынтымақ көшесіне (Алсейіт) көше жарығын орнату және ауылішілік жолдарды күтіп ұстауға бюджеттік өтінім беру
|
1 шілде 2022 жыл |
Көше жарығы орнатылып пайдалануға берілді |
2 |
Жұмекен ауылы «Қосарал» учаскесінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар төгу орнын қоршауға сұраныс беру. |
1 маусым 2022 жыл |
Құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тазалық жұмыстарына қаржы бөлініп, тазарту, тегістеу, бөгет көтеру жұмыстары жүргізілді. |
3 |
Ауылішілік жолды күтіп ұстау, жол белгілері мен жылдамдық кедергілерін орнату, мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарына кіре беріс жерлерін қалыпқа келтіру. |
Жыл ішінде |
Кәсіпкерлік нысандары иелеріне алдын ретке келтіру жөнінде ескерту беріліп, қалыпқа келтірілді. Ауыл ішілік жол белгілері орнатылды. |
Орлы ауылдық округі |
|||
1 |
Алтыншы және Каспий ауылының тұрғындары үшін Алтыншы ауылынан арнайы медициналық пункт (сеть) ашу және ғимаратын салуға сұраныс беру |
1 маусым 2022 жыл |
Алтыншы ауылында медициналық пункт салуға ұсыныс берілді. 2026 жылға дейін салу жоспарға енгізілген |
2 |
М.Әуезов орта мектебіне Алтыншы және Каспий ауылдарынан тасымалданатын автобус жолын және екі елді мекенге баратын жолдарды тегістеу жұмыстарын жыл бойына тұрақты жүргізу |
Жыл ішінде |
Қаржысы бөлініп, жолдарды тегістеу жұмыстары жүргізілді. Кірме шықпа жолдар тегістелді. |
3 |
Орлы ауылы, ҚМЖ басталған жалпы ұзындығы 10,4 км болатын ауылішілік жол құрылысының сапасын бақылауға алу |
Жыл ішінде |
Күні бүгін жол құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жолдың сапасы үнемі бақылауда. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2023 жылға жоспарланып отыр. |
4 |
Н.Манаев мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, тәжірибелі директор тағайындау және мектептің жұмысын дұрыс жолға қою.
|
Жыл ішінде |
Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеуін аяқтауға жауапты мердігер мекеме басшысының қайтыс болуына байланысты күрделі жөндеуді мәжбүрлеп аяқтау туралы сот ісі тоқтатылды. Қалған жұмыстарды аяқтау үшін сметалық есебі қайта қаралып, облыстық Білім беру басқармасына 29 млн теңге қаржы сұралып бюджеттік өтінім берілді. Манаев атындағы жалпы орта мектебі директоры орны күні бүгін бос тұр. Аудандық білім бөлімі 2021-2022 жылдары бос директор лауазымына 4 рет конкурс жариялағанымен конкурсқа үміткер кандидаттар болмады. 2022 жылдың желтоқсан айында Облыстық Білім беру басқармасы бос басшы лауазымына конкурс жариялаған болатын, алайда Манаев атындағы жалпы орта мектебіне үміткер кандидат болмады. |
5 |
Округ теңгеріміндегі электр бағаналары мен электр желілерінің күрделі жөндеу жүргізуге ұсыныс беру
|
1 мамыр 2022 жыл |
Қазіргі уақытта зерделеніп, есебі шығарылуда |
6 |
Орлы ауылына жаңа 120 орындық бала бақша ғимаратын салуға ЖСҚ жасақтауға ұсыныс беру |
1 сәуір 2022 жыл |
Орлы ауылына 140 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ жасақтау Құрманғазы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға қарастырылған. |
7 |
Орлы ауылына жаңадан ашық стадион немесе ангар типті спорт кешенін салуға ұсыныс беру |
1 сәуір 2022 жыл |
Орлы ауылдық округінің Орлы, Алтыншы ауылындарына спорт алаңының құрылысына жоба сметалық құжаттама «Шымгорпроект» ЖШС-мен жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысына қаржы бөлу жөнінде тиісті басқармаға бюджеттік өтінім жолдануда. |
Нұржау ауылдық округі |
|||
1 |
Нұржау ауылындағы ҚМЖ жүріп жатырған ауылішілік жол құрылысының сапалы жүруін қадағалау |
Жыл ішінде |
Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде. |
2 |
Нұржау ауылына жабық спорт кешенін салу үшін ЖСҚ жасақтау |
1 мамыр 2022 жыл |
Жұмекен ауылына спорт кешені құрылысына жобалау-сметалық құжаттама байламы жобалаушы мекеме «СуҚұрылысПроект» ЖШС-мен жасақталуда. |
3 |
Нұржау ауылының жобаға енбей қалған қалған көшелеріне ІІ кезеңмен ауылішілік тас жол салуға ұсыныс беру. |
1 сәуір 2022 жыл |
Құрманғазы ауданын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді. |
4 |
Балалар ойын алаңын салу және көшелерге қосымша түнгі көше шамдарын орнату. |
Жыл ішінде |
Нұржау ауылына спорт алаңының құрылысына жоба сметалық құжаттама «Шымгорпроект» ЖШС-мен жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысына қаржы бөлу жөнінде тиісті басқармаға бюджеттік өтінім жолдануда. |
6 |
Нұржау ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныс беру. |
Жыл ішінде |
Күрделі жұмыстары бойынша 13.10.2022 жылы ЖШС «Курмангазы строй Групп» шарт жасақталып 31.01.2023 жылы жұмыстары аяқталады. |
Теңіз ауылдық округі |
|||
1 |
Ескі мектеп ғимаратын күрделі жөңдеуден өткізіп балабақша етіп беру жөнінде ұсыныс енгізу. |
1 сәуір 2022 жыл |
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Amanat» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сайлауалды бағдарламасында Приморье ауылындағы 90 орындық балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу 2024 жылға жоспарланған. Техникалық сараптама жасақталды. ЖСҚ жасақтау үшін 16,1 млн теңге қаржы күні бүгінге дейін бөлінбей отыр. |
2 |
Балалар ойын алаңын салу |
Жыл ішінде |
Приморье, Кумаргали, Даулет елді мекендеріне спорт алаңдары құрылысына ЖСҚ «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС-мен жасақталуда. |
Сүйіндік ауылдық округі |
|||
1 |
Азғыр өңіріндігі жабылып қалған, ветеринариялық лабораторияны қайтадан ашуды ұйымдастыру. |
Жыл ішінде |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаев 2022 жылдың 21-23 маусым күндері ауданға жұмыс сапарымен келген кезінде Азғыр өніріне барып бұл мәселемен жеке танысып үсітіміздегі жылдың ІІІ-ші тоқсанында зертхананы ашу жоспарға енгізіліп, 2022 жылдың 9 қыркүйегінде ашылып, штат саны 6 қызметкермен жұмысын бастады. |
2 |
Шаруалардың төрт түлік малдары өтпейтіндей етіп Ресеймен шекарадағы ашық жерді қоршауға ұсыныс беру және «Талдыапан-Баскуншақ» шекара өткізу бекетіне күн панелін сатып алуға бюджеттік өтінім беру. |
1 маусым 2022 жыл |
ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті бөлім бастығының м.а Г.Дуюсовқа 2022 жылы 14 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанованың қолымен №06-07-01-02/621 шекара коршауларын бекіту жөнінде хат жолданды. Сонымен бірге, аудан әкімінің орынбасары Г.Хасановаға «Талдыапан-Баскуншақ» шекара өткізу бекетіне күн панелін сатып алуға қаржы бөлу сұралып 10 наурыз 2022 жылы №06-07-05/323 бөлімнің атынан хат жолданды. |
3 |
Сүйіндік ауылына ауылішілік тас жол төсеуге ЖСҚ жасақтау үшін ұсыныс беру. |
Жыл ішінде |
ЖСҚ жасақталуда. Мердігер "Орал Вод Проект" |
4 |
Дәрігерлік амбулаторияға науқастарды таситын жаңа автокөлік алу және дәріхана ашу үшін кәсіпкерлерге ұсыныс беру. |
Жыл ішінде |
Сүйіндік ауылдық округінің теңгеріміндегі ғимараттан жеке кәсіпкер «Сисенова Г.С.»дәріхана ашып,халыққа қызмет көрсетуде. 1 адамды жұмыспен қамтып отыр. |
Азғыр ауылдық округі |
|||
1 |
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылған ауылішілік ауыз су желісін сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын ұйымдастыру |
1 шілде 2022 жыл |
Аталған мәселе бойынша мемлекеттік порталға 2 мәрте жарияланды. Жеңімпаз анықталмаған |
2 |
Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек мектептеріндегі кәріз су жүйесін тазартып тасымалдауға вакуумды ассенизатор көлігін алуға сұраныс беру. |
1 сәуір 2022 жыл |
Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына кәріз су жүйесін тазартып тасымалдауға вакуумды ассенизатор көлігін алуға жасақталған бюджеттік өтінім бойынша қаржы бөлуге ықпал етуді сұрап 2022 жылдың 10 маусымда шығыс №06-07-01-03/1638 және 2022 жылдың 18 қарашада №06-07-01-03/3126 хаты жолданды. Қаржы бөлінген жоқ |
3 |
Дәрігерлік амбулаторияға науқастарды таситын жаңа автокөлік алу және дәріхана ашу үшін кәсіпкерлерге ұсыныс беру. |
Жыл ішінде |
Бөлім тарапынан аталған мәселе бойынша аудан орталығындағы дәріхана иелерімен сөйлесіліп, ұсыныс жасалды. Алайда, дәріхана ашуға аталған өңірде фармацевт маманы жоқ болуына байланысты және жолдың алыстығын негізге ала отырып күні бүгінге іске асыру мүмкіндігі жоқ.
|
Асан ауылдық округі |
|||
1 |
Асан, Үштаған елді мекендерін интернет желісімен қамтамасыз ету үшін мұнара орнату жұмыстарын ұйымдастыру
|
1 маусым 2022 жыл
|
Асан ауылына антенна мачталық құбырғысының құрылысын салу үшін 29 135,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталынан «Групп Сервис» мекемесі жеңімпаз атанып қажетті жабдықтарды тасымалданды. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстары басталып фундаменті құйылды. Мұнарасының құрылысы желтоқсан айының соңына дейін аяқталауы жоспарлануда. |
2 |
Казпочта байланыс бөлімшесінің жұмысын жергілікті жерде ұйымдастыру шарасын алу
|
Жыл ішінде
|
«Қазпочта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры А.Нысановтың 01.08.22 ж №671-26 қатынас хатында: пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерінің сәйкес келмеуіне байланысты, Асан ауылдық округіндегі пошта бөлімшесі жабылғаны, кейін ашылу мәселесі қарастырылмайтыны ескертілді. |
3 |
Асан ауылына клуб ғимаратын салуға сұраныс беру |
1 мамыр 2022 жыл |
Асан ауылына 100 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу үшін «Гипрограз» ЖШС-мен ЖСҚ жасақталуда. Тапсырыс беруші Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. |
Қиғаш ауылдық округі |
|||
1 |
Д.Нұрпейісова елді мекеніндегі су тазарту ғимаратына жаз мезгілінде су жетіспеуіне байланысты, қосымша су жинау мұнарасын салуға сұраныс беру |
1 мамыр 2022 жыл |
Су тазарту иммаратына 2022 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Окугте ауыз су тапшылығы жоқ. |
2 |
Кәріз жүйесіне қосылмай қалған үйлерді қамту үшін, қосымша кәріз жүйесін жүргізуге жоба жасақтап, ұсыныс беру. |
1 мамыр 2022 жыл |
Кәріз жүйесі "Магистралды су ағызғысы" ЖШС теңгерімінде болуына байланысты. Қалған үйлерді қосу үшін бюджет есебінен қаражат бөлінбейді. |
Дыңғызыл ауылдық округі |
|||
1 |
Ауыл ішіндегі электр желілерінің соқаларының ауыстыру немесе жөндеу және қосымша көше жарықтарын орнату. |
Жыл ішінде |
Электр желілерін қайта жаңғырту мақсатында жобалау-сметалық құжаттама жасақтау үшін Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 10.06.2022 жылы №06-07-01-03/1638 санды хатымен 2811,00 мың теңге қаржы көлеміне бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы көзі қаралғаннан кейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады. |
2 |
Ғ.Әліпов ауылына медициналық пункт ғимаратын салуға ұсыныс беру |
1 сәуір 2022 жыл |
Ғ.Алипов ауылына ФАП салу үшін Облыстық құрылыс басқармасына ЖСҚ жасақтауға ұсыныс берілді. |
3 |
Болашақ, С.Сүйінов көшелеріне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым (электр желілерін, газ, су) жүргізуге сұраныс беру
|
1 мамыр 2022 жыл |
Аталған көшелерге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерін салу мақсатында жобалау-сметалық құжаттама жасақтау үшін сметалық есебі дайындалуда. |
Шортанбай ауылдық округі |
|||
1 |
Шортанбай ауылына қатынап жұмыс жасайтын тұрғындар мен мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 80 ат күшілік 2 дана «Ямаха 40» моторын алуға қаржы көзін қарастыру |
Жыл ішінде |
Қаржы көзі бөлініп тұрғындар мен мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 80 ат күшілік 2 дана «Ямаха 40» моторы сатып алынды. |
2 |
«Котяевка-Шортанбай» автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ауылішілік жолға қосымша жол белгілері мен жылдамдық тежегіштер орнату. |
Жыл ішінде |
Күтіп ұстаушы мекеме "Ганюшкин Құрылыс" ЖШС мен жол белгілері орнатылды |
3 |
Шортанбай учаскелік дәрігерлік емханасына жоғары білімді дәрігер және елді – мекенді қамтуға жаңа жедел – жәрдем көлігіне сұраныс беру. |
1 маусым 2022 жыл |
Шортанбай ауылына дәрігер И.Ешимова тағайындалды. Көлік алуға облыстық басқармадан қаражат бөлінген жоқ. |
4 |
Жаңа балабақша құрылысын салуға сұраныс беру. |
1 мамыр 2022 жыл |
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Amanat» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сайлауалды бағдарламасында 2022-2025 жылдары 8 балабақша, 5 мектеп салу жоспарланған. Шортанбай ауылынан 120 орындық балабақша ғимаратын салу 2026-2030 жылдарға жасалған қосымша жоспарға енгізуге ұсыныс берілді. |
5 |
Шортанбай ауылындағы саябақта орналасқан балалар ойын алаңының құрылғыларын жаңарту және қалған көшелерге қосымша көше жарықтарын орнатуға сұраныс беру. |
Жыл ішінде |
Балалар ойын құрылғыларын алу жөнінде бюджеттік өтінім берілді. Қаржы көзі бөлінген жоқ. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы негізінде биылғы жылы Жасталап ауылының М.Жұмабаев көшесіне заманауи 11 дана жарықдиодты шамдар орнатылды. Шортанбай ауылының Жеңістің 40 жылдығы және Ә.Сәрсенбаев көшелеріне жергілікті жерге түскен салық есебінен түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. |
Коптоғай ауылдық округі |
|||
1 |
Көптоғай ауылынан 48 орындық Денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысының ЖСҚ –сын аяқтау |
Жыл ішінде |
Көптоғай ауылынан 48 орындық Денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысының ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. |
2 |
Ресей мен екі арадағы шекарадан тұрғындардың төрт түлік малдары өтіп кетуіне байланысты шекараны қоршауға ұсыныс беру |
1 мамыр 2022 жыл |
ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті бөлім бастығының м.а Г.Дуюсовқа 2022 жылы 14 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанованың қолымен №06-07-01-02/621 шекара коршауларын бекіту жөнінде хат жолданды. |
3 |
Көптоғай ауылы электр желілерін қайта жаңғырту үшін ЖСҚ аяқтау |
1 маусым 2022 жыл |
Көптоғай ауылы электр желілерін қайта жаңғырту үшін ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. |
4 |
Су тазарту қондырғысының фильтрін ауыстыру және техникалық қызмет көрсетуге қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім жолдау |
1 маусым 2022 жыл |
СТҚ-ның сүзгі фильтрлері ауыстырылды. Пайдалануға берілді. |
Байда ауылдық округі |
|||
1 |
Котяев ауылынан Киғаш бойын қамту үшін өрт сөндіру бөлімшесін ашуға ұсыныс беру. |
1 мамыр 2022 жыл |
Коятевка ауылына өрт сөндіру бекетінің құрылысына ЖСҚ жасақтау және құрылысын салу Құрманғазы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. Құрылыс жұмыстары 2026-2027 жылдарға қарастырылған. |
2 |
Ескі дәрігерлік емхана ғимаратын округ теңгеріміне алып, оны қоғамдық ұйымдарға және халыққа қызмет көрсету (шаштараз, тігін шеберханасы, аяқ киім жөндеу) т.б қызметтерге беру |
Жыл ішінде |
Ескі дәрігерлік емхана ғимараты Бөкейхан ауылдық округінің теңгеріміне алынып, әділет органдарынан атауын ауыстыру бойынша тіркеу жұмыстары, ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
3 |
Котяев ауылдық клубының тозығы жеткендіктен жаңадан мәдениет үйін салуға ЖСҚ жасақтау үшін бюджеттік өтінім жолдау. |
1 маусым 2022 жыл |
Котяевка ауылына 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды, мердігер мекеме «Гранд-Мастер» ЖШС-мен жүргізілуде. |
4 |
Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің оқушылар саны артуына орай, жаңадан 624 орындық мектеп салуды немесе қосымша ғимарат салуға ұсыныс беру. |
1 мамыр 2022 жыл |
Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің 324 орындық ғимараты 1982 жылы салынған. Күні бүгін 1-11сыныптар, мектеп алды дайындық тобын қосқанда 385 бала оқиды. Құрманғазы ауданы Байда ауылынан жаңа типті жобада 600 орындық мектеп құрылысын салу жөнінде ұсыныс Облыстық Білім беру басқармасына 2022 жылдың 04 сәуірінде, 31 мамырында №06-07-29-1-2/2826, №06-07-29-1-2/462 санды хатпен жолданды. Мектеп құрылысы 2026-2027 жылдарға қосымша жоспарға енгізілді.
|
Кудряшов ауылдық округі |
|||
1 |
Ауылішілік тас жол төсеу үшін ЖСҚ жасақтауға бюджеттік өтінім жолдау. |
1 мамыр 2021 жыл |
ЖСҚ жасақталуда. Мердігер "ЛМ ТрансПроект" ЖШС |
2 |
Кудряшов ауылдық округіне қарасты «Лазо» учаскесіндегі электржүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім беру. |
1 маусым 2021 жыл |
«Лазо» учаскесіндегі электр желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалау-сметалық құжаттама жасақтау үшін сметалық есебі дайындалуда. |
3 |
Қосымша көше жарықтарын орнату. |
Жыл ішінде |
Мазуров 1, Мазуров 2, Бейбітшілік көшелеріне 38 жарық шамдары орнатылды. |
4 |
Қиғаш бойының тұрғындарына банкомат орнату үшін ұсыныс беру. |
1 маусым 2022 жыл |
Аталған іс-шараны орындау мақсатында бөлім тарапынан 14.03.2022 жылы "Халық банк" акционерлік қоғамының Құрманғазы аудандық филиалының басшысы А.С.Нуртазаевқа аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанованың қолымен №06-07-01-02/614 санды, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалының директоры А.Б.Садыковаға №06-07-01-02/615 санды хаттар жолданып, ұсыныс жасалды. |
Бірлік ауылдық округі |
|||
1 |
Округке қарасты жобаға енбей қалған көшелерге тас жол төсеуге ұсыныс беру. |
Жыл ішінде |
Аудан бойынша ауылдық округтердін ауылішілік жолдардың құрылысы кезен кезенімен жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта ауылдық округтердегі жол салынбаған көшелерге жоба жасақталған кезде енгізілетін болады. |
2 |
Округке қарасты каналдарға түп тереңдету жұмыстарына ұсыныс беру |
1 мамыр 2022 жыл |
Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бірінші кезекте 99,6 км каналдардың түбін тереңдетуге жоба жасақталып, мердігер мекеме "Павлодар өзен порты" АҚ-мен жұмыстары жүргізілуде. Жобада Бірлік ауылдық округіне қарасты Атөткел 20 км, Тынық 28 км, Утеринский 35 км, Сущиный 12 км каналдардың түбін тереңдету көзделген. |
Сафон ауылдық округі |
|||
1 |
Ауылішілік автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау, ауылішілік жолға қосымша жол белгілері мен жылдамдық тежегіштер орнату |
Жыл ішінде |
Күтіп ұстаушы мекеме Ганюшкин Құрылыс ЖШС мен жол белгілері орнатылды |
2 |
Шаруа қожалықтарының ұсынысы бойынша қысқы мал азығын дайындауға орман қоры жерінен жер бөлу жөнінде ұсыныс енгізу |
1 маусым 2022 жыл |
Сафон ауылдық округінің тұрғындарына қысқы мал азығын дайындау үшін Орман шаруашылығы қорынын Дамба учаскесінен қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жер бөлуге ықпал етуі сұралып Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына сұраныс жолданып келісім алынып берілді. |
Жаңаталап ауылдық округі |
|||
1 |
ҚМЖ басталған ауылішілік жолдардың мерзімінде сапалы аяқтауды қадағалау
|
Жыл ішінде |
Жұмыстар жүргізіл жаыр. Мердігер мекеме Атырау жолдары, жол құрылысы біткенше күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп келеді. |
2 |
Алмасад және Племстанция елді мекендеріне таза ауыз су желісін тартуға ұсыныс беру |
1 мамыр 2022 жыл |
Су құбырын жүргізу үшін ЖСҚ жасақтауға қажетті қаражат есебі шығарылып облыстық энергетика басқармасына ұсынылуда. |
3 |
Жасарал елді мекеніне кірме жол және «Сильнай» көпірін қалыпқа келтіру үшін ұсыныс беру |
1 мамыр 2022 жыл |
Казавтодор мекемесіне аталған мәселе бойынша ұсыныс берілді. |
Ақкөл ауылдық округі |
|||
1 |
Қайта жаңғырту жұмыстары басталған ауылішілік электр желілері құрылысының сапалы жүргізілуін бақылау |
Жыл ішінде |
Қазіргі уақытта жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты кұрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды. |
2 |
Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орынды басқа жерге ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру |
1 шілде 2022 жыл |
Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орынды басқа жерге ауыстыру мақсатында Ақкөл ауылдық округінің солтүстік-шығыс бағытынан 3,0 га жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта құжттандыру жұмыстары жүргізілуде |
3 |
Қалдық суды тазарту ғимаратына (КНС) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Резервке екі су айдау насосын алуға бюджеттік өтінім жолдау |
1 мамыр 2022 жыл |
Насос алынып қолданысқа берілді |
Құрманғазы ауылдық округі |
|||
1 |
Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіліп жатырған «Шипажай» мөлтек ауданын тұрғын үйлер салуға жер учаскелерін беру |
1 маусым 2021 жыл |
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №246 «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен «Шипажай» мөлтек ауданындағы тұрғын үйлер салуға арналған жер учаскелері Құрманғазы ауылдық округінің теңгеріміне беріліп, күні бүгінге учаскелерді кезек бойынша тұрғындарға беру басталды. |
2 |
Ауыз судың сапасын қалыпқа келтіру |
Жыл ішінде |
СТҚ – на ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сүзгі фильтрлері ауыстырылды |
3 |
Қоқыс алаңын ретке келтіру, төгілген кәріз суларын тұрғындардың төрт түлік малдару ішпейтін етіп қоршау. |
Жыл ішінде |
ҚТҚ алаңын құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ҚТҚ алаңына кәріз суларын төгуге рұқсат етілмеген. 2022 жылдың 14 қарашада №06-07-01-03/3085 хатпен 1) қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын салу үшін жоба жасақтауға 14 065,0 мың теңгеге; 2) Құрманғазы ауылына қатты тұрмыстық қалдықтардың инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылымын салу үшін ЖСҚ жасақтауға 1 724,0 мың теңгеге; 3) Құрманғазы ауылына қоқыс алаңшаларын орнату мен қоқыс контейнерлерін сатып алуға 40 000,0 мың теңгеге Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. |