2019 жылы Қазақстанда қанша жаңа көлік сатылды

(0 Votes)

2019 жылы ресми дилерлер 71 мыңнан астам жаңа көлік сатты.

Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша ресми дилерлер 71 417 көлікті сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23,3 пайызға жоғары. Есепті кезеңде қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 654,3 млрд теңге жұмсап, 2018 жылғы деңгейден 31,8 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.

Көлік сатып алушы 42 205 адам (59,1 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, былтырғы 12 айда сатылған 29 212 автомобиль (40,9 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada көш бастап тұр. Республика аумағында ресейлік марканың15 366 көлігі өткізілген. Ал сатылған Hyundai модельдерінің саны 14 853-ті құрады. Үшінші орынға саудаланған 14 197 көлігімен Toyota шығып отыр. Сондай-ақ бұл бестікке KIA (3 758 автокөлік) және Ravon (3 651) брендтері енді.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521