20 ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОРАЛДЫ

(0 Votes)

Биылғы соңғы қоңырау мектеп тарихындағы ерекше күн, өйткені мектептің алғашқы түлектер атымен жазылған, аға буын өкілдері, 2003 жылы алғаш рет түлеп ұшқан түлектері, бүгінгі түрлі мамандық иелері, ел азаматтары мен азаматшалары, бір -бір отбасының иелері 20 жыл бұрын білім алған мектебін, ұстаздарын еске алып, алтын ұя мектептеріне оралды.

 20 жылдық түлектерге арналған «20 жыл өткен соң...» тақырыбында кездесу шарасы ұйымдастырылып, түлектер естен кетпес балалық шаққа қайта оралып, жылдар бойы көрмеген сыныптастырымен, ұстаздарымен қауышып, бір марқайып қалды.

- 3-4 маусым күндері осы түлектердің ұйымдастыруымен түрлі спорттық шаралар өтті.

- РТС елді мекеніне қарасты бүлдіршіндерге арнап тегін батут ұйымдастырды.

- 4 маусым күнгі ұйымдастырылған волейбол жарысына 12 команда қатысып, жеңіске Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары 1 орынды иеленді.

Барлық жарыстардың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спортты жандарына серік еткен түлектер оқушылар игілігіне пайдаланатын волейбол доптарын сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521