20,0 млн. теңгеге дейін 7%-бен несие алуға болады

(0 Votes)

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» және «Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы аясында 2020 жылға несиелендіруге құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

«Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес бизнес түрлерін кеңейту және ұйымдастыру бағытында 20,0 млн. теңгеге дейін 7%-бен несие алуға мүмкіндік туғызылып отыр. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес бизнес түрлерін кеңейту және ұйымдастыру, айналым қаражатын толықтыру, агроөнеркәсіп өнімдерін өндіру немесе өңдеуге техникалар алу бағытында несиелер беріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін сіздер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөліміне, 871233 2-06-35 телефонына хабарласа аласыздар.

А.Ғиззатова,

аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21