«Құрманғазы» шекарашылар қосынында ресейлік номерлі «КамАЗ» автокөлігін тексерген кезде көп мөлшерде насыбай тиелгені анықталды.
«Барлығы 15 тонна 580 келені құрайтын 380 қап табылды», - деп хабарлады №2016 әскери бөлімше қызметкерлері azh.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында.
Қаулы толтырылғаннан кейін 31 жастағы Дағыстан елінің тұрғыны жүкпен бірге Құрманғазы аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Естеріңізге салсақ, 2015 жылдан бастап насыбайды (шекпейтін темекі өнімі) Қазақстанда пайдалануға тыйым салынған.
Фархат ӘБІЛОВ