15 құрманғазылық отбасы баспаналы болды

(0 Votes)

Республика күні қарсаңында ауданға қарасты Құрманғазы ауылында апатты деп танылған үйдің тұрғындарына  жаңа пәтердің кілті табысталды. Салтанатты іс-шараға Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев қатысып, жаңа қоныс иелерін  құттықтады.

- Ауылымызда М.Гилаев көшесінде орналасқан  көпкабатты Nº7 үйдің 15 отбасын қуантып, жаңадан салынған 3 бөлмелі баспананың кілттерін табыстадық .  Бұл ресми түрде апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына  үй кезегінен тыс  беріліп отырған баспана- деді аудан  әкімі А.Жанғалиев. 


Жаңа пәтер иесі Дара Рахметуллина қуанышымен бөлісіп, аудан, округ әкімдігіне алғысын айтса, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ержан Ғайнетов құттықтау тілегін білдірді. 

Айта кетейік, биыл ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған әртүрлі топтағы  азаматтарға арналған 95 пәтер сатып алынып, 10 отбасына берілді. Қалған  85 пәтердің кілті жыл аяғына  дейін тұрғындарға табысталады деп күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521