Мен, Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Утаров Карл Камидоллаевич «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы13-тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығын, Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы мемлекеттік комиссиясының 27 сәуір 2020 жылғы №16 мәжіліс хаттамасындағы коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) Құрманғазы ауданы тұрғындары арасында таралуының алдын алуды ескерту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Құрманғазы ауданында шектеу шаралары 2020 жылдың 11 мамыры сағат 07.00-ге дейін ұзартылсын.
1.1.Аудан тұрғындарына ауылдардың арасына жүруге сағат 6.00-ден 22.00-дейін рұқсат етілсін;
2.Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кәсіпорындардың жұмыс жасауына рұқсат етілсін:
1) өндірістік кәсіпорындар
2) құрылыс және жол жөндеу компаниялары, құрылыс дүкендері жеткізіп беруі қызметі режимінде;
3) көлік компаниялары, қойма, ауылшаруашылық мақсаттағы сервистік компаниялар;
4) автокөлік жөндеу қызметі, көлік жуу, тегершік жөндеу сервистері тек заңды тұлғаларға, автобөлшек сататын дүкендер, химиялық тазарту, тұрмыстық және оргтехника жөндеу;
5)екінші дәрежедегі банкілер штаттық кестеге сәйкес 50 пайыз қызметкерлерінің жұмыс жасауына рұқсат етіледі;
6) нотариялдық қымет көрсету;
7) қоғамдық тамақтану объекілері жеткізіп беруі қызметі режимінде сағат 22:00-дейін;
8) халыққа қызмет көрсету орталығы бизнеске байланысты қызмет көрсетуге;
9) ауылшаруашылық техника, құралдар, тыңайтқыш және дән сататын дүкендер;
3.Санитариялық-эпидемологиялық талаптарды сақтай отырып, кәсіпорындар жұмыстарын жүргізуге:
1) технологиялық процестерге қатыспайтын қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
2) бөгде адамдардың объектілерге кіруіне тыйым салуды күшейту;
3) жұмысқа келген қызметкерлерді ЖРВИ, тұмау ауруының симптомдарына қарап тексеріп, КВИ ауруының белгілері(құрғақ жөтел, жоғарғы дене қызуы, ауыр демалу) анықталғанда оқшаулап, жедел-жәрдем шақырту;
4) қызметкерлер арасында жеке бас гигиенасын сақтау жөнінде нұсқаулықтар өткізу және орындалуын қатаң бақылауға алуға;
5) жұмыс уақытында маскаларды, респираторларды пайдалану және уақытында ауыстыруға;
6) жұмыс орында антисептиктің қорғаныс киімдерінің дезинфекциялық жуу және антисептиктік препараттардың қорын жасақтау, қорғаныс киімдерінің уақытылы ауыстырылуын қамтамасыз етуге;
7) жұмысшалардың жұмыс орындағы арақашықтығын 2 метр сақтауға;
8) дезинфекциялық препараттарды қолдана отырып, жұмыс орындарындағы ( есік тұтқаларын, үстел, орындықтарды, перилаларды) кемінде 2 рет өңдеуге;
9) желдету жүйелерінің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге;
10) жұмыс орындарында тамақтануға тыйым салынсын;
4. Балалардың ойын алаңдарына:
1) балалар ата-аналарымен бірге үйінен 50 метр қашықтықтағы ойын алаңдарына сағат 10.00-12.00 дейін, сағат 17.00-20.00 дейін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, баруға рұқсат етілсін;
2) ауылдық округ әкімдеріне балалардың ойын алаңдарын дезинфекцилық препараттарды пайдалана отырып, күніне 2 рет өңдеу жұмыстарын жүргізуге.
5.Осы қаулыны орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
К.Утаров,
Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері