Аудан бойынша ең қарт адам 102 жастағы Шәміл Өміржанова - Құрманғазы ауылдық округінің Бұзаусылан ауылының тұрғыны.
Тыл ардагері Шәміл әже өзінің қартайған шағында да белсенді бола отырып, үйде дауыс беруді ұйымдастыруды өтінді. Көшпелі сайлау комиссиясы ардагердің өтінішін қанағаттандырып, кейуананың өз таңдауын жасауына мүмкіндік жасады. Тыл ардагері Шәміл әжей 7 қыз, 2 ұлды дүниеге әкелді. Бүгінде өзінен өрбіген ұрпақтарынан 8 немере, 80 жиен-жиеншар, 15 шөбере сүйіп отыр. Жүзден асса да жүзінен өмірлік нәрі тарқамаған Шәміл әжей Тәуелсіз еліміздің берік іргесі сөгілмесе екен деген ақ батасын берді. Игі бастамада жанынан табылып, сайлауға бір кісідей қатысуына мүмкіндік жасағандарына өз ризашылығын білдірді.
Айнагүл Шакупова