1000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

(1 Vote)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2021 жылғы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды және ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады.

Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 а мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы кассасынан айырбастауға болады. Кассаның жұмыс тәртібі: сағат 9:00 бастап 14:00-ге дейін, үзіліс: 12:00 ден 13:00-ге дейін.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі бойынша Байланыс-орталығына хабарласуға болады.

 Амин Арайлым Асылбекқызы – «Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және

кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT