10 миллионнан астам шабақ Қиғаш өзеніне жіберіледі

(0 Votes)

Нәтижесінде 1000-нан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
​«Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың​ есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды​ Атырау​ облыстық​ коммуникациялар қызметі.

«СевКаспий ФИШ» ЖШС 2 млрд. ​ инвестиция салу арқылы балық ​ қорын көбейту, бекіре тұқымдас және қара балықтарының 10 милионнан астам шабақтарын қолдан өсіріп, Қиғаш өзеніне қайта жіберуді жоспарлап отыр. Және ​ тоған шаруашылығын дамыту қолға алынады.

Бұдан бөлек, балық, егін, мал және құс шаруашылықтарын ​ дамыту мақсатында​ Қиғаш өзенінде 243,55 километрді құрайтын жанама су айдындарын (каналдар) түптереңдету және 75 шақырымдық «Кобяково - Забурунье» суару – суландыру жүйесін қайта жаңғырту жоспарлануда» деп атап өтті спикер Қайрат Нұртаев.

Еске сала кетелік, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521