1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау мерзімі өзгерді

Рейтинг: 0 / 5

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Министрдің мәлімдеуінше, келесі жылдан бастап бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау маусымнан бастап емес, одан ертерек – бірінші сәуір мен бірінші тамыз аралығына дейін жалғасады.

«Мұндай өзгерістер не үшін қажет? Біріншіден, бұл – ата-аналар үшін ыңғайлы. Олар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға түсу үшін қажетті құжаттарын мектеп ұжымы немесе өздері еңбек демалысында болған уақытта емес, одан ертерек тапсыра алады.

Сонымен қатар, жаз бойы ата-аналар қажетті оқу құралдарын жинақтап, тиісті жұмыстарды жүргізіп, балаларын мектепке дайындауы керек. Ата-аналар құжаттарды жинауға, мектепті анықтауға үлгермейтіндерін айтып шағымданатын, сондықтан құжаттарды өткізу процесі көбінесе 31 тамызға дейін, кей жерлерде тіпті қыркүйектің ортасына дейін созылатын. Мектеп әкімшілігінің көзқарасы бойынша, бұл өзгерістер процестерді оңайлатады және мектеп қызметін жоспарлауды әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Яғни, мектеп басшылығы сыныптарды алдын-ала толтыра алады, оқулықтардың қажетті санымен алдын ала қамтамасыз етіледі және оларды уақытында жеткізеді, сағаттарды бөледі, сыныптардың санына байланысты педагогтерді қабылдай алады. Жалпы, оқу жылының басталуына тиімді дайындалуға мүмкіндік туады. Енді ата-аналар балаларының мектепке баруын алдын ала жоспарлап, нақты білім беру ұйымын анықтауы қажет және керек құжаттарды уақытында тапсыруды, жіберуді үйренуі маңызды», деді А.Аймағамбетов.

egemen.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика