1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

(1 Vote)

Балалар біздің ертеңіміз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты.

Қазақ «балаға өз тіліңмен сөйлеме, баланың өз тілімен сөйле» – деген. Тәрбиенің мөлдірінен, тереңінен, тазасынан нәр алған бүлдіршіндер, жас ұрпақ қана сол жұлдыздың жарқыраған сәулесіндей өзгелерге білім шуақтарын шаша алады.

Ендеше білім мен тәрбиенің қос бұлағымен сусындаған балалардың бақыты үшін ешнәрсе аямаймыз. Әсіресе, жаздың алғашықы күні тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз арта түседі. Бұл күні оқушылардың көптен күткен жазғы демалысы басталады. Сондықтан да, мерекелік қуанышы екі еселенеді. Мерекені Халықаралық балаларды қорғау күні деп атау дұрыс, өйткені қазіргі уақытта бұл мерекені 1 маусымда 60-тан астам ел тойлайды.

Сонымен қатар, мерекенің өзінің туы бар. Онда жасыл түсті матада біздің планетамыз және оны қоршаған түрлі түсті (қызыл, көк, қара, ақ және сары) бес адам бейнеленген. Мұның барлығы жер бетінде өмір сүретін адамдардың бірлігі мен сан алуандылығын білдіреді. Жылда жаздың алғашқы күні көптен күткен мереке Халық аралық балаларды қорғау күні.

Мереке күні демалыс күніне сәйкес келмесе де нағыз мейрамға айналады. Демелыс орындары, цирктер, кинотеаторлар, саябақтар балалармен толып кетеді. Барлық тәті дәмділер мен жақсы нәрселер соларға ғана арналады. Бұл мерекені тойлаудың басты мақсаты – жұртшылық назарын балалардың құқығын қорғауға, олардың бақытты балалық шағы бейбіт те тыныш әлемде өсуіне көз жеткізу болып отыр.

Биыл карантин жағдайына байланысты мерекені атап өту жылдағыдай болмайды. Қазір адам көп жүретін жерлер жабық болғандықтан балалар мерекені ата – анасынық қасында, отбасында қарсы алады. Соған қарамастан телеарналардан қызықты мультфильмдер мен концерттер қойып мерекелік көңіл сыйлауға барлық жағдай жасауда.

Егеменді еліміздің болашағы балалар. Балаларды аялайық, өйткені бақытты балалық шаққа олар да лайықты!

Шолпан Саргубенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521