1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

(1 Vote)

Сіздерді 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен аудандық мәслихат атынан құттықтаймын!

Тілі бөлек болғанмен тілегі бір отандастарымыз бір шаңырақтың астында, тәуелсіз мемлекетіміздің тұтастығы мен бірлігін нығайтуды мақсат етіп, кемел келешекке сеніммен қарайды. Егемен елімізде ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық берік орнығып, халқымыз бейбіт аспан, нұрлы күннің аясында ата-бабамыздан мұра болып қалған асыл дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жалғауды мұрат етеді. Көп ұлтты Отанымыздың әр азаматы бүгінгі таңда атамекеніміздің өрлеп-өркендеуіне өз еңбектерімен үлес қосып келеді. Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық пен жарқын болашақ тілеймін. Қазіргі әлемді шарлаған ауыр сынақты сабыр мен сақтық арқылы жеңіп, жарқын күндерге бірге жетейік.

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521