Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне орай "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында 1 , 11 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Шарафиденова, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Ұзақбаева, Теңіз ауылдық жергілікті полиция инспекторы Б.Махмудов және мектептің бір топ ардагер ұстаздары мен ата-аналар қатысты.
Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Г.Нугманова сөз алып, мектептің 2023-2024 оқу жылындағы жеткен жетістіктерімен марапаттап, биылғы жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Мектеп бітіруші 11 сынып оқушылары өздерінің іздерін басып, мектепке алғаш келген 1-сынып ізбасарларына ақ тілектерін арнап, "ӘЛІППЕ" оқулығын табыстады.
Сонымен бірге "Мектепке жол" акциясы аясында көмек көрсеткен қайырымды жандардың игі істері ерекше аталып өтті.
Теңіз ауылдық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы Б.Махмудов бүгінгі таңда ауданда өткізіліп жатқан "Полиция және балалар" акциясы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін жеткізді. Мектепке имене алғаш қадам басқан бүлдіршіндердің ата-аналары атынан Ж.Жалелова құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге білім жолында сәттілік, ұстаздарға шығармашылық табыстар тіледі.