1-3 балалы отбасыларға жәрдемақы төлене ме?

(0 Votes)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы беру өтініші бойынша талқылау шаралары болғанын айтты.

«Биылдан бастап көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы енгіздік. Қазір ол жәрдемақыны 370 мың отбасы алып жатыр. Енді төрт баладан аз, яғни бір, екі, үш балалы отбасылар да сондай жәрдемақы берілсе деген өтініштерін айтуда. Осындай сауалдар болғаннан кейін, министрлікте әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны есептеп көрдік. Бірақ бұл мәселе, қаржы мүмкіндігіне байланысты. Атап өткендей, бізде 370 мың көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны алуда. Соның ішінде аз қамтылған 125 мың отбасы бар», - деп тоқталды Б. Нұрымбетов Парламент Мәжілісінде депутаттармен кездесу барысында.

Оның сөзіне қарағанда, бір, екі және үш балалы тұрмысы төмен отбасылардың саны 190 мыңды құрап отыр. Қазақстан бойынша 1-3 баласы бар отбасылардың саны 2 млн 904. Бұл көрсеткіш 15 есе көп. Осы орайда министр 1-3 балалы отбасыларға жәрдемақы беру мәселесі шешімін таппағанын жеткізді. Сәйкесінше, бұл өтініштер бойынша шешім табу қиын болып тұр. Себебі бұл қадамдар бюджетке ауыр салмақ түсіреді.

«Бұл бағытта 15 еседен артық қаражат талап етіледі. Екіншіден, «дәулетті, жағдайы жақсы адамдарға осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па» - ол да үлкен сұрақ.

Сондықтан біз бұл мәселеде ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ оның бәрін қарап жатырмыз», - деді Біржан Нұрымбетов.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала саны жетіден асатын отбасыларға жәрдемақы сомасын көтеру бастамасы келісімнен өткенін айтты.

Айта кетсек, 2020 жылдан бастап отбасында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде 23 жасқа дейін студент балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі мынадай:

4 балаға – 42 496 теңге,

5 балаға – 53 127 теңге,

6 балаға – 63 757 теңге,

7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Дереккөз:inform.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21