Жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін сақтайық

(0 Votes)

Жыл сайын жеке тұрғын үйлердегі өртті болдырмау мен оның алдын алу жөніндегі шаралар әр өңірде белсенді түрде ұйымдастырылып келеді.

Қыс мезгілінде кей үй-жайлардағы жылу жүйелері ережеге сай салынбауынан, тосын оқиғалар кездесіп жатады. Иә, расымен де, пешті дұрыс пайдаланбау - өрт оқиғаларының басты себептеріне айналып отыр. Халық үшін ең қауіп төндіретіні улы газ екенін ескерсек, оның бөлінуінен ауадағы оттегінің мөлшері азаяды. Сондықтан зардап шегушілердің көпшілігі оттан емес, түтінге және жану кезінде бөлінетін улы заттарға тұншығып қалуда. Адамдар ұйқыға кетіп, қайта оянбай қалып жататыны да сондықтан. Өткен жылыту маусымында ғана улы газдың әсерінен қаншама адам зардап шекті.

Өрттің пайда болу көрсеткіштеріне маусымдық және уақытша факторлар әсер етуде. Ал өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында орын алады. Оның 65 пайызы жер үйлер. Құрметті аудан тұрғындары! Әне-міне дегенше, қыс кезеңі де басталады. Сондықтан жаз мезгілінде осындай жұмыстарды жасап үлгермегендер үшін үйдегі газ жабдықтарына, түтін тартқыштар мен желдеткіштерге толық профилактика жасап, сигнал беру жүйесін орнататын кез келді. Қауіп-қатерді елемеу, ақыр аяғында адам үшін ең қымбаты – өз өмірін қиюға әкеп соқтыратынын естен шығармаңыз!

 

А.Әлібекова Құрманғазы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521