Жылыой ауданы әкімдігі ғимаратының алдында тұрғындардың жиналуы туралы ақпарат

(0 Votes)
Қазір ғимараттың алдында тасқыннан үйі зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары өтемеақы төлеу мәселесі бойынша жиналып жатыр.
 
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жиналғандарға өтемақы төлеу, жаңа тұрғын үй беру туралы ақпарат беруде.
 
Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-сы судан тазартылды. Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй техникалық зерттеуден өтті, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді.
 
Барлығы 3000-ға жуық өтініш түсті. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100% біржолғы төлем аударылды.
 
Сонымен қатар, мүлкіне залал келтірілген 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілді.
 
Бүгін түстен кейін арнайы мамандар әр тұрғынның үйіне барып, кезең-кезеңімен техникалық зерделеу және бағалау қорытындысымен таныстырады.
 
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521