Жыл сайын шамамен 700 мың адам өзіне-өзі қол жұмсайды

(0 Votes)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы суицид мәселесіне, әсіресе, оны болдырмауға ерекше ден қоюда.

Өйткені, бұл көптеген адамдардың денсаулығы, өмірі мәселелері. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ-тың өзіне өзі қол жұмсау фактілерін жауапты жариялауына арналған панельдік пікірталас барысында ДДСҰ ресми өкілі-Қазақстандағы ДДСҰ елдік басшысы, Доктор Кэролайн Кларинвал мәлімдеді.

Оның мәліметінше, жыл сайын шамамен 700 мың адам өзіне-өзі қол жұмсайды, ал суицид жасауға тырысқандар саны одан артық.  

«Әрбір адам қоғам үшін маңызды. Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері әртүрлі болады. Ол психологиялық, әлеуметтік және т.б. факторларға байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ, дау-дамай, зорлық-зомбылық, оқшаулану және жабырқау, психологиялық стресс күйзеліс және т.б. осындай жағдайға алып келуі ықтимал. Біз көмекке зәру адамдарға қол созуымыз керек. Бұл өте маңызды. Сол арқылы осындай қайғылы жағдайлардың алдын аламыз. Өкінішке орай, психологиялық денсаулық, COVID-19 салдары осындай болып отыр. Пандемия адамдардың күйзеліске ұшырауына алып келді. Сондықтан біз әрекет етіп, адамдарды өзіне-өзі қол жұмсаудан сақтауымыз керек», - деді доктор Кэролайн Кларинвал.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521