ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кәсіби мерекесіне орай журналистерге ән арнады. Министр Аида Балаева осы әнді Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ән барша журналистерге арналады», - деп жазды министр парақшасына. Еске сала кетсек, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма берген еді. «Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», - деп жазды Президент Twitter-де.
Көп өтпей Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланып, 28 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесін атап өтетін болды.
inform.kz