Жолдаудағы бастамалар – болашаққа бағыт

(0 Votes)

Биылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы кезеңдегі дамуының нақты бағытын айқындаған маңызды стратегиялық құжат. Жолдауда экономиканы әртараптандыру, жаңа инвестициялар тарту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және жастарға қолдау көрсету мәселелері ерекше атап өтілді.

Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға, білім беру мен ғылымды қолдауға, өңірлерді өркендетуге және азаматтардың өмір сапасын арттыруға басымдық берді. Әсіресе жауапты басқару, тиімді экономика, әділетті қоғам құруға бағытталған бастамалар – ел дамуының жаңа кезеңін білдіреді.

Бұл Жолдау – нақты істер мен нәтижеге бағытталған жаңа реформалардың бастауы. Әрбір қазақстандықтың игілігіне қызмет етіп, еліміздің болашағы үшін жасалған қадам деп есептеймін. Біз де өз жұмысымызда Жолдауда көрсетілген міндеттердің орындалуына үлес қосуға дайынбыз.

Бралиева Гүлдана

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT