Жолдарда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

(0 Votes)

Көктемгі су тасқыны кезінде Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызға ие жолдардың қауіпсіздігін бақылау басты назарда. Осыған байланысты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары су тасқынына дайындық жұмыстары аясында күн сайын тас жолдарға тексеріске шығады.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде ақпанның соңғы күндері Қызылқоға ауданы аумағында көліктің жол жиегіндегі еріген қар суына батқаны туралы  бейнетүсірілім таралған болатын. Қазіргі уақытта орталық инженерлері әлі де қар толықтай ерімеген Қызылқоға ауданындағы республикалық маңызға ие жолдарды қатаң бақылауға алды. Филиал инженері Нұрлан Жантуриннің айтуынша, далалықта, кейбір төбелердің көлеңке бетінде ерімеген қар бар. Бірақ, аудан аумағымен өтетін  «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» /Ресей шекарасы/ тас жолының 487-330 шақырымы – Сағыз, Мұқыр, Жантерек, Жамансор, Мақат елді мекендері аралығындағы тас жолдар ашық.

«Сақтықта қорлық жоқ. Су – тілсіз жау. Өткен жылғыдай бір күнде су басып  кетуі де мүмкін. Сондықтан, қауіптің алдын алу мақсатында бақылауды күшейттік», дейді Н.Жантурин.

Тексеріске шыққан мамандар аталған республикалық жолдың 330-458 шақырымы аралығын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде пайдаланатын құрылыс материалдарынан сынама алды. Жол жиегін бекітуге арналған қиыршықтасты құмды қоспа және асфалтты бетон қоспасын дайындауға қажетті қиыршықтас сапасы филиал зертханасында тексеріледі.

Айта кетейік, тас жолды қайта жаңғырту жұмыстарын «ШанхайКонстракшн» ЖШС мен «АқжолҚұрылыс» ЖШС  жүргізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT