Жол құрылысы ерекше бақылауда

(0 Votes)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша 7-9 қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдердегі ірі мемлекеттік  және жеке компаниялардың, салалық министрліктердің, қауымдастықтар өкілдерінің, битум және басқа да жол құрылыс материалдары, полимер-битум байланыс, қиыршық тас өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуымен Жол конгресі өтуде.

Шараға қатысушылар үш күн бойы отандық битум өндірушілердің қуаттарды жаңғырту бойынша жоспарларын, битум байланыстырғыш материалдардың сапасын, жол құрылысында полимерлі-модификацияланған битумды пайдалануды, оларды тасымалдау, сақтау және инженерлік-мердігерлік келісім бойынша сапасын бақылау мәселелерін талқылайды және Қазақстандағы ірі жол битум өндірушілердің бірі «Caspi Bitum» СП» ЖШС-нің қызметімен танысады.

Іс – шараны ұйымдастырушылардың бірі - ҚР ИИДМ "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, талқыланған мәселелер Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында өте өзекті.

"Бұл форум битумның сапасына қатысты мәселелерді ашық талдауға мүмкіндік береді. Өз тарапынан Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы автомобиль жолдарын салу кезінде битумды бағалаудың жаңа стандарттарын қолданатын болады", - деді спикер.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521