ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ ПЕН ҚОЛДАУ

(0 Votes)
Елімізде 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға негізделген.
 
Осы орайда, көпбалалы ана Маханова Зоя Жаксыбаевна 2024 жылы мемлекеттен грант ұтып алып, тігіншілікпен, оның ішінде құрақ көрпе төсек, киімдер, әр түрлі деңгейде шеберлігін арттырып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды, – деген еді.
 
Еңбек адамы бүгінде жастарға үлгі болуы тиіс. Қоғам адал еңбек етіп, ел дамуына, экономиканың өсуіне үлесін қосып жүрген жандарды білуі қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT