«Жұмысшы маман – елдің дамуына тірек»

(0 Votes)

Қай кезеңде де қоғамның ілгерілеуі қарапайым еңбек адамынан басталады.

Бүгінгі таңда ауданымыздағы құрылысшы, жүргізуші, дәнекерлеуші, шаруашылықтағы малшы, диқан, қызмет көрсету саласының мамандары – бәрі де туған жердің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген нағыз еңбек ерлері. Жастармен жұмыс жасайтын қызметкер ретінде, біз үшін еңбек адамы – үлкен өнеге мектебі. Өйткені, жас ұрпақ тек кітаптан ғана емес, ауылдың әрбір еңбеккерінің өмір жолынан, маңдай терімен жасаған ісінен сабақ алады. Шын мәнінде, жұмысшы мамандық иесі – қарапайымдылығы мен табандылығы арқылы жастарға үлгі бола алатын тұлға.

Қазіргі заман жас мамандарды кәсіби бағыт-бағдар беруге, нақты кәсіпті меңгеруге үндейді. Біз, жастармен жұмыс саласының өкілдері, еңбек адамын дәріптеу арқылы жас буынды адалдыққа, төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеуді мақсат тұтамыз. Сондықтан ауданымыздағы әрбір жұмысшының қолтаңбасы – ел дамуының кірпіші. Осындай аға буыннан үлгі алған жастардың болашағы жарқын боларына сенімдіміз.

Н.Бағытжанов,

Махамбет аудандық Жастар орталығының іс - шара үйлестіруші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT