Жер тек қадірін білетін азаматтарға берілуі тиіс!

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдай отырып, еліміз үшін аса маңызды жаңа бағыттар айқындалды.

Президент көтерген мәселелердің өзегі – әділетті қоғам құру, экономика мен білімді жаңа сатыға шығару, заманауи технологияны батыл енгізу. Жерді тиімді пайдалану – елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамуының негізі. 2022 жылдан бері 13,5 млн. гектар жер мемлекетке қайтарылғанымен, оның тек жартысына жуығы ғана айналымға берілген. «Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қажет. Бұл – анық нәрсе», – деп атап өтті Президент.

Осыған байланысты өңір әкімдеріне қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізу тапсырылды. Бұл шара жайылым тапшылығын шешуге де мүмкіндік береді. Президенттің айтқан жерлер нақты иесін тауып, өндіріс пен инвестиция орталығына айналуы тиіс деген сөзін мен жүрегіме жылы қабылдадым.

Асқар Сатыбалдиев,

Шаруа қожалық иесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT