banner_damu

«Жемқорлық құқық бұзушылық картасы» облыстық жобалар байқауы өтті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы Білім беру басқармасымен бірлесе отырып, «Жемқорлық құқық бұзушылық картасы» облыстық жобалар байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктерін жастардың қатысуымен айқындау. Сондай-ақ, аталған бағытта жастардың көз-қарасын білу. Байқау барысында жоба идеясының тиімділігіне, мазмұнының ашылуы, жобаның дағдысы, идеялардың жаңашылдығына назар аударылды.

Шара нәтижесінде оқушылар жүлделі орындармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектеп оқушысы Жұмабекова Айару, 1 орын Индер ауданы, «Көктем» орма мектебінің оқушысы Табылды Нұрай және Исатай ауданы, «Өркен» орта мектебінің оқушысы Махметова Айшагүл иеленсе, 2 орын Жылыой ауданы, №5 Абай атындағы орта мектептің оқушысы Асан Асылжан, Қызылқоға ауданы, Миялы орта мектебінің оқушысы Асланова Наргиза және Махамбет ауданы, Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің оқушысы Теміржанова Мадина ұтып алды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика