Жеке өмірім туралы айтпайтынмын, бірақ, бүгін жазуды ұйғардым

(0 Votes)

Бүгін – Отбасы күні. Бұл мереке елімізде бірнеше жылдан бері қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Әдетте жеке өмірім туралы айтпайтынмын, бірақ бүгін жазуды ұйғардым. Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім: менен бөлек отбасымызда тағы бес бала бар. Әкем 6 жасымда қайтыс болды, кейін анамызға барлық ауыртпашылықты еңсеруге тура келді. Сол кезде анам 40 жасқа да толмаған еді, бірақ маған жасы келген кісі сияқты көрінетін. Оны өзің сол жаста болғанда ғана жақсы түсінеді екенсің.

Одан кейін қиын кезең, 90-жылдар басталды. Анамызға өте қиын болғанын білемін. Ауылда тұрдық, анамыз жұмыстан бөлек бізбен, шаруашылықпен айналысты.

Бір-бірімізге көмектестік. Су тасыдық, шаруашылыққа араласып, малға шөп дайындадық, пеш жақтық. Үйдегі ересектер артынан ерген бауырларына үйретті, ал кішілер үлкендерге көмектесті. Бұл қиын кезеңнің маған үйреткені мол, әсіресе жақындарымның, отбасымның қаншалықты қымбат екенін ұғындырды.

Мен – екі баланың әкесімін. Жұмыстан кейін балаларың мен жарың үйде қарсы алғанда барлық қиындықты ұмытасың. Әңгімелесіп, балалармен бірге ойнағаннан шаршағаның басылады, рақаттанып қаласың.

Жігерлендіріп, күш-қайрат беретін де – отбасым.

Жақындарымызды бағалайық. “Отан отбасынан басталады” дейді дана халқымыз. Әр отбасының дамуы арқылы еліміз де гүлдене береді.

Мереке құтты болсын, достар! Барлығыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі

Дереккөз: Жеке парақшасынан алынған

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21