Жазасын өтеушілер арасында интеллектуалдық сайыс өтті

(0 Votes)

Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 әйелдер түзету мекемесінде «Шапағат» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ырыс алды ынтымақ» атты интеллектуалдық сайысы өтті.

Шараның басты мақсаты жазасын өтеуші азаматшаларды зайырлы қоғамға бейімдей отырып, ұлттық рухани құндылықтарымызды насихаттау, бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азаматша болуға тәрбиелеуге шақыру.

«Жусан» гуманитарлық мемлекеттік бағдарламасы аясында қақтығыс аймағынан қайтарылған жазасын өтеуші өзге ұлт өкілінің бірі "Венера" есімді азаматша да қазақ тілінде еркін ойын жеткізіп, өзінің білім деңгейінің жоғары дәрежеде екеніне көзі жетіп, бойына қуаныш ұялағанын, қателіктерін мойындап, өкінетінін айтып. Шараны өткізушілерге өз алғыстарын жеткізді.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

1-кезең «Мақал мәтел» Қазақтың бес арысы туралы пікір алмасу, (суретке қарап мақал мәтелді табу);

2-кезең «Қойылым» (топтарға тақырып беріледі, тақырыпқа қарай қойылым қою)

3- кезең «Сұрақ жауап» (Қазақстан тарихынан сұрақтар қойылады).

Сайыста жүлделе орынға ие болған сотталғандар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

img-20210430-wa0013

Бүгінгі күні елімізде орын алып отырған COVID-19 пандемиясына байланысты барлық қабылдаулар өткізілетін іс шаралар онлайн режимінде және барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге мекемеде 160-ке жуық әйел жазаларын өтеп жатыр.

 

УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары

әділет капитаны

Медет Серікбайұлы Аджикулов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521