Жауынгерлік даярлықтың қарқыны төмендемейді

(0 Votes)

ҚР Қорғаныс министрлігінде аппарат кеңесі өтті. Онда пандемия жағдайында взводтардың жауынгерлік даярлығын ұйымдастыруда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылау жөнінде нұсқаулар берілді.

Өткен аптада Қарулы Күштерде COVID-19 жұқтырғандар саны 13 жағдайға төмендеді, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ҚР ҚК ПТР-зертханалары 696 талдама жүргізді. Айта кету керек, есептілік кезеңде әскерде коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыру фактілері тіркелген жоқ.

armiya4

Қарулы Күштерде биылғы жылдың қаңтар айы бойы өткен бөлімшелерді үйлестіруге қатысты өткізілген шаралар жалпы «жақсы» деп бағаланып, аяқталды. Пандемияға қарамастан әскери даярлықтың қарқындылығы төмендеген жоқ, сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.

В Вооруженных Силах на общую оценку «хорошо» завершились мероприятия по слаживанию отделений, которые проводились в течение января текущего года. Несмотря на пандемию, интенсивность боевой подготовки не снижалась, при этом строго соблюдались санитарно-эпидемиологические требования.

Ақпан айының 1-нен бастап әскерлер взводтардың даярлығына кірісті. ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік даярлықтың қарқындылығын төмендетпей, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтай отырып, әскер түрлерінің бас қолбасшысы мен өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларына нұсқау берді.

armiya1

Практикалық сабақтарды рұқсат етілген температура режимін ескере отырып, тек таза ауада өткізу, сондай-ақ «қызыл» аймақтарда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мен бөлімшелер арасындағы байланысты қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Взводтарды үйлестіру барысында командирлер бағыныстылардың жауынгерлік іс-қимылдарын тұрақты басқаруды үйретуге, сондай-ақ жергілікті соғыстар мен қарулы қақтығыстардағы жауынгерлік іс-қимылдар тәжірибесіне сүйене отырып, күндізгі және түнгі жағдайларда бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын жүргізуге ерекше назар аударуы айтылды.

Аппарат кеңесінде Қорғаныс министрі Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильинмен жақында болған кездесудің қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырманы іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігіне ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінің аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметтерін беру мәселесін пысықтауды тапсырды.

- Өртке қарсы қауіпсіздік – Қарулы Күштердің қауіпсіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жою қажет, ал осы іс-шараларды қаржыландыруға басымдық берілуі тиіс, - деп Қорғаныс министрі атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521