Жастарға берілген цифрлық мүмкіндік — еңбек нарығына сенімді қадам

(0 Votes)

Осы жолғы Президенттің Жолдауында айтылған жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту бастамалары біз, жаңа ғана колледжді тәмамдаған жас мамандар үшін үлкен мотивация. Қазіргі еңбек нарығында тек диплом жеткіліксіз, жаңа дағдылар мен технологияларды меңгеру қажет.

Мемлекет техникалық мамандықтарға, ІТ бағыттарына ерекше көңіл бөліп жатқандықтан, біз өз білімімізді жетілдіріп, заманауи маман болуға ұмтыламыз. Цифрлық білім беру платформалары мен қайта даярлау курстарының қолжетімді болуы – бізге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Еліміздегі өзгерістер жастардың дамуына жол ашатынына сеніміміз мол.

Қисымова Аружан,

студент

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT