2025 жылғы 8 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жастар саясаты мен инновацияға ерекше мән берілді. Мемлекет басшысы заманауи білім мен жаңа технологияны меңгерген, ел дамуына үлес қосатын белсенді жастар буынын қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Жасанды интеллект, цифрландыру, кәсіпкерлік және ғылыми ізденіс – жастардың басты бағыты болуы тиіс. Ел Президентінің бұл бастамалары жастарды жаңашылдыққа, шығармашылыққа және отансүйгіштікке жетелейді.
Ақмарар Оразғалиева

