Президенттің биылғы Жолдауында жасанды интеллектті дамытуға ерекше мән берілуі – ел дамуының стратегиялық векторының дұрыс таңдалғанын көрсетеді. Қазіргі технологиялық жарыста AI саласын кешенді қолдау, кадр даярлау, цифрлық инфрақұрылымды күшейту – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды қадам.
Жасанды интеллектті өндіріске, білім беру жүйесіне, медицинаға, мемлекеттік басқаруға енгізу – тиімділік пен сапаны жаңа деңгейге көтереді. Елімізде деректерді сақтау орталықтары, зерттеу лабораториялары және стартап экожүйесі дамуы – әлемдік үрдістен қалмауға мүмкіндік береді.
Жолдауда айтылған ұлттық цифрлық бастамаларды жүзеге асыру – болашақ мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге, инновацияға ашық қоғам қалыптастыруға жол ашады.
Ел Президенті атап өткендей, жасанды интеллект – тек технология емес, экономиканың барлық саласын жаңартатын қуатты құрал. Бұл бағытты дамыту Қазақстанның жаңа даму траекториясын айқындайды.
Бралиева Гулдана

