Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – қазіргі заман талабына сай маңызды құжат. Бұл Жолдауда елдің дамуы мен болашағы үшін шешуші бағыттар айқындалған.
Президент жасанды интеллектті барлық салада енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бастама экономиканы жаңғыртуға, мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуге және білім саласын жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кадр даярлау, инновациялық технологияларды дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мәселелерінің көтерілуі – елдің цифрлық дамуына үлкен серпін береді. Жасанды интеллект дәуірінде бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жолында білім мен ғылымның рөлі ерекше аталып өтті.
Әділет Амангелді

