Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ҚР Білім және Ғылым министрлігіне қарасты қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Менің Отаным – Қазақстан!» атты туристік-экспедициялық жасақтардың слеті өткізілді.
Оған республикамыздың 14 облысының командалары қатысып, бақ сынасты. Бұл жарыста облыс намысын аудандық жас туристер бекетінің оқушылары да қорғады. «Туризм білімпаздары» номинациясында Әсемай Теміржан (Ақкөл жалпы орта мектебі) жүлделі үшінші орынға көтерілді. Бард әндері байқауында Ақылбек Мұғалимов (Еңбекші жалпы орта мектебі), Абай атындағы жалпы орта мектеп оқушылары Дильназ Ахонова «Жас өлкетанушы», Сымбат Серікбаева «Туған өлке соқпақтары», Дамира Өтебаева «Ең керемет туристік өлке», Эльвира Ажыгереева «Туған өлкенің тарихы», Азиза Баитова мен Ұлжан Тілекқабыл «Экологиялық соқпақтар» сайысында сертификат иеленді. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп оқушылары Темірлан Қайсағалиев, Карина Сисембиева жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек сынында осындай марапатпен ұлығыланды.
Балғын спортшыларды жарысқа дайындап апарған жас туристер бекетінің спорттық туризм бөлім меңгерушісі Әділбек Атаев, экология бөлім меңгерушісі Дамир Тілеуғалиев, Ақкөл жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Есболай Сәрсембаев, Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бердібек Мәжитов, Абай атындағы жалпы орта мектептің тарих және биология пәндерінің мұғалімдері Ғалия Жағыпарова мен Гүлдана Хайруллина Алғыс хатпен марапатталды.
А.МЕЙІРМАН